Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

517 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Сағымбаев денсаулық жағдайына байланысты өз еркімен қызметінен кетті. Оның міндетін уақытша атқару орынбасары Ләззат Есенғалиеваға жүктелді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Facebook парақшасында хабарлады.

 

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Әнуар Сағымбаев 1972 жылы туған. Білімі – жоғары. Ол 1995 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында (Батыс Қазақстан медицина академиясы) «емдеу ісі» және «кәсіпорындағы экономика және басқару» мамандықтары бойынша білім алған.

1995 жылы Маңғыстау облыстық ауруханада дәрігер-уролог қызметін атқарды.

1996 – 1999 жылдары Қазақ тағамтану академиаясының аспиранты болды.

2002 – 2003 жылдары аралығында Ақтауда «Мейірбике» медициналық колледжінде директордың орынбасары қызметін атқарды.

2003 – 2005 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінің медицина қызметін талдау және болжау ұлттық ортаның директоры қызметін атқарды.

2006 жылы Аурухана менеджменті бойынша Германияда білім алған. Медицина ғылымдарының кандидаты.

2007 жылы «Денсаулық сақтау саласының үздігі» атағының иесі атанды. Бұған дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне 2019 жылы 26 тамызда тағайындалған болатын.