Қоғам • 20 Сәуір, 2020

Митингілер бостандығы құқығына Конституциямен кепілдік берілген - Зарема Шәукенова

184 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова митингілер бостандығы құқығы туралы пікір білдірді.

Митингілер бостандығы құқығына Конституциямен кепілдік берілген - Зарема Шәукенова

«Заң жобасын бағалау кезінде не маңызды? Екі сәтті бөлуге болады. Біріншіден, талқылау процесіне қоғамдық ұйымдар мен қайраткерлерді кеңінен тартуды көздейтін оны әзірлеу рәсімі. Екіншіден, Заң қолданысына түсетін бұқаралық іс-шараларды дайындау және өткізу процесінде атқарушы биліктің рөлін түбегейлі басқаша түсіну. Өткен жылдың жаз-күз айларында қоғамдық пікірлерде мемлекеттің қоғам ұстанымын тыңдап, шынымен де жаңа құжатты жасай алатыны туралы сыни пікірлер айтылатыны бәрімізге белгілі. Бірақ бүгін біз көпшілік айтқан ұсыныстардың ешқайсысы назардан тыс және талқыланбай қалмағанын көріп отырмыз. Мәселен, заң жобасын жасау үдерісінде үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдары қатысты. Дәл солар ұсынған Заң жобасының редакциясы Сенатта талқыланатын құжаттың негізіне кірді. Сарапшылар мен қоғамдық кеңестердің өкілдері өз пікірлерін білдірді. Жаңа заңды әзірлеу процесінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ерекше рөл атқарды. Әзірлеу жұмыстарының соңында заң жобасының мәтінімен азаматтарды таныстыру және олардың ұсыныстарын жинау үшін «Ашық НҚА» порталына жүктелді», деді Зарема Шәукенова.

Оның айтуынша, көп деңгейлі талқылаудың нәтижесінде заң жобасының мәтінінде рәсімдердің одан әрі ырықтандырылуына бағытталған ережелердің өзгеруі орын алған. Мәселен, ескерту қағидатына сәйкес өтетін митингке қатысушылардың санына қатысты квота алынып тасталған-ды.

«Қатысушылар санын қалай санау керек? Егер бастапқыда жоспарланған қатысушылар саны іс-шара барысында көбейсе, не істеу керек? Биліктің шешімі бойынша митингтің тоқтатылуы үшін қатысушылар саны қаншалықты асып кетуі керек? Квотаның көлемі - 250 қатысушыға байланысты жеке сұрақтар туындады. Бүгін біз митингтерге қатысушылардың санын шектеу туралы мәселе заң жобасының мәтінінен алынып тасталғанын көріп отырмыз. Митинг өткізуге өтініш беру рәсімдері едәуір жеңілдетілді және әсіресе маңызды болып табылатын жоспарланған іс-шаралар туралы ескерту және атқарушы билік органдарының өтінімді қарау мерзімдері айтарлықтай қысқарды. Осылайша ескерту мерзімдері 15 күннен 5 күнге дейін, оның ішінде атқарушы билік жауап қайтару хабарлама 10 күннен 3 күнге қысқартылды», деді ол.

Айта кетейік, 2019 жылдың маусым айының ортасында Мемлекет басшысы жиындарды, митингілерді, демонстрацияларды өткізу рәсімін жаңа заңнамалық ресімдеу қажет ететіндігіне назар аударды. Президент тапсырма бергеннен кейін, жаңа заң жобасы Сенатта қарастырылуда.