Әлем • 20 Сәуір, 2020

Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат 10 адамды құтқарып, ерлік жасады

193 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Янъян қаласында 28 жастағы Қазақстан азаматы жатақханадағы өрт кезінде он адамды құтқарды.

Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат 10 адамды құтқарып, ерлік жасады

Канвондо провинциясының Янъян қаласындағы жатақханада тұратын, Қазақстаннан келген заңсыз мигрант Әли, түтіннің иісін сезген соң, дәліздер бойымен жүгіріп, есіктерді қағып, тұрғындарға «от» деп айқайлай бастаған.

Құтқарылған көршілердің айтуынша, Әли өрт сөндірушілерді күтпей-ақ, тұрғындарға жанып жатқан ғимараттан шығуға көмектесе бастайды. Өз өмірін қауіпке тігіп, қазақстандық азамат 10 тұрғынға көмектескен. Өрт салдарынан екінші және үшінші дәрежелі күйік алған. Өкінішке орай, 50 жастағы әйелді құтқару мүмкін болмады. Ол түтіннен уланып көз жұмды.

Әли өзінің заңсыз эмиграция фактісі анықталып, Оңтүстік Кореядан экстрадицияланамын деп қорқып, оқиғаға орнынан кетіп қалған.

Алайда кейінірек Әлидің көршілері денсаулығына байланысты оны жергілікті ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер емделуге келген шетелдіктің тіркеу карточкасын сұрағанда, Әли оның елде заңсыз жүргенін мойындады. 2017 жылы ол Қазақстаннан туристік визамен келіп, құрылысшы болып жұмыс істеп, ақша табу үшін Оңтүстік Кореяға келген. Әли тапқан ақшасын ата-анасына, әйелі мен екі баласына жібереді екен.

Әлидің медициналық сақтандыру болмағанын білген көршілер құтқарушының емделуіне қажетті жеті миллион вонды (шамамен 2,4 миллион теңге) жинай бастады.

«Әли 1 мамырда Кореядан кетуге мәжбүр. Бұл әділетсіздік. Ол мүлде бейтаныс адамдардың өмірін сақтап қалды. Оның арқасында он адам өмір сүріп жатыр. Оңтүстік Корея өзінің әділеттілігімен танымал, билік оған елде қалуға мүмкіндік береді деп үміттенемін, ол бұған лайықты. Сонымен қатар ол өтемақыға лайық», деді жатақхана тұрғыны.