Коронавирус • 21 Сәуір, 2020

Әлемдегі ахуалға шолу: ДДҰ шектеу шараларын мерзімінен бұрын алмауды ескертті

547 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бұл топтамада әлемнің 185 елінде тараған COVID-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз.

21 сәуірде Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 2 476 916, өлім саны - 170 297, айыққандар саны - 646 739 адам болды (жаңартылған уақыты 09:53).

17:04

ДДҰ шектеу шараларын мерзімінен бұрын алмау керек екенін ескертті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  Тынық мұхитының батыс бөлігіндегі елдердің аймақтық директоры Такеши Касай COVID-19 вирусымен күресу үшін енгізілген шектеулер кезең-кезеңімен алынуы тиіс екенін айтты. Карантиннің бірден бәсеңдеуінен вирустың қайта таралып кетуі әбден мүмкін.

Сондай-ақ ол шектеу шаралары пандемиямен күресте тиімді болғанын атап өтті. Дегенмен сарапшы вакцина дайын болғанға дейін немесе коронавирус инфекциясын тиімді емдеу тәсілі табылғанша қоғам жаңа жағдайда өмір сүруге бейімделуі тиіс екенін жеткізді.


15:33

Үндістанда бір тәулікте 1,3 мыңнан астам адам вирус жұқтырды

Үндістанның Денсаулық сақтау және отбасы әл-ауқаты министрлігінің мәліметі бойынша індет басталғалы вирусты жұқтырғандар саны 18 601 адамға жеткен. Олардың ішінде емделіп жатқаны — 14 759 адам, сауығып шыққаны — 3 251 адам, 590-ы — қайтыс болған және коронавирусты жұқтырған бір адам елден кеткен.

Үндістан билігі елдегі оқшаулау режимін 3 мамырға дейін ұзартты. Оқу және ойын-сауық орындарының, қоғамдық көліктің, такси, метро және темір жол қызметтерінің жұмысы шектелген, ел штаттары арасындағы шекара жабық.

с


11:35

Өзбекстанда карантин 10 мамырға дейін жалғасады

Өзбекстанда 20 сәуір аяқталуға тиіс карантин арнайы комиссия шешімімен 10 мамырға дейін ұзартылды.

Көршілес Қазақстан мен Қырғызстанда төтенше жағдай 1 мамырға дейін енгізілген.

Өзбекстан билігі маска тағу мәселесіне де қатаң қарады. Көшеде маскасыз жүрген ел тұрғындарына қомақты көлемде айыппұл салынады. 

Елде барлығы 1657 жағдай тіркелген. 261 адам инфекциядан құлан-таза айықса, 5 адам қайтыс болған.

ввввччч


10:21

Ресей вирус ең көп тараған ондыққа енді 

АҚШ, Еуропа елдері, Түркия, Қытай, Иран және Ресей. Вирус ең көп тараған елдердің алғашқы ондығы осындай.

Бір тәулікте көршілес Ресейде вирус жұқтырған 4 268 адам анықталған. Елде барлығы 47 121 жағдай тіркелді.

3 446 науқас инфекциядан жазылып шықты, ал көз жұмғандар саны - 405. 
 
Ресейде барлығы 2 миллионнан астам адам коронавирусқа тексерілген. 
 
с

09:54

Дүниежүзінде 2 476 916 адам коронавирус жұқтырды.

170 297 адам қайтыс болды.

646 739 науқас құлан-таза айықты.

АҚШ-та 786 968 жағдай тіркелді, 72 761 адам сауығып шықты, 42 335 адам қайтыс болды.

Испанияда 200 210 жағдай тіркелді, 80 587 адам сауығып шықты, 20 852 адам қайтыс болды.

Италияда 181 228 жағдай тіркелді, 48 877 адам сауығып шықты, 24 114 адам қайтыс болды.

Францияда 156 480 жағдай тіркелді, 38 036 адам сауығып шықты, 20 292 адам қайтыс болды.

Германияда 147 065 жағдай тіркелді, 91 500 адам сауығып шықты, 4 862 адам қайтыс болды.

j


Олимпиада келесі жылы да болмауы мүмкін - сарапшы

Жапониялық жұқпалы аурулар маманы Токио Олимпиадасы келесі жылы да болмауы мүмкін деген пікір білдірді. 

Кеше брифингте Кобе университеті ауруханасының профессоры Кентаро Ивата Жапония індетті ауыздықтағанымен, дүниежүзінен жүздеген ел азаматын қабылдауға дайын болмауы мүмкін екенін айтты.

Маман ойынды көрерменсіз не келетін адамдарға шектеу қойған жағдайда ғана өткізуге болатын мәлімдеді.


Германия карантин шараларын бәсеңдете бастады

Карантин режимі жариялағаннан кейін бір жарым айға жуық уақыт өткен соң Германия билігі шектеулерді біртіндеп жеңілдетуге шешім қабылдады. Карантин нәтижесінде елде вирус жұқтырғандар саны азайған, ал аурудан айыққандар саны айтарлықтай өсе бастады. Осыған байланысты салынған тыйымдарды біртіндеп жеңілдету туралы шешім қабылданды.

 

Соңғы жаңалықтар

Берекелі грант

Қоғам • Кеше