Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Жаңаарқадағы жақсы іс

760 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысындағы Жаңаарқа ауданында коронавирусқа қарсы күрес майданына өзіндік үлесін қосып жүрген саналы азаматтар аз емес. Солардың бірі –  ауылшаруашылық саласында нәпақа айыратын «Bayir-Agro» ЖШС-нің басшысы Марат Мұхаметжанұлы.

Қарағанды облысы: Жаңаарқадағы жақсы іс

Кәсіпкер өз қаражатына  15 дана қорғаныс костюмін сатып алып, індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген ақ желеңді абзал жандарға тамаша тарту жасады.

Бұл арнайы киімдер аудан аумағындағы санитарлық болк-бекеттерде кезекшілік етіп жүрген  медициналық қызметкерлерге таратылып берілді.

 

Қарағанды облысы