Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: Жазылғандар саны 17 адамға жетті

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған екі науқас сырқатынан айығып, ауруханадан шығарылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы: Жазылғандар саны 17 адамға жетті

Бұлардың бірі Қарағанды қаласының 1998 жылы туған тұрғыны екен. Екіншісі – Минск - Нұр-Сұлтан авиарейсінің 49 жастағы жолаушысы.

Науқастардың екеуі де толық емдеу курсынан өтті және олардан екі мәрте алынған ПТР-талдау теріс нәтиже көрсеткен. Сол себепті бұл екі азамат 14 күнге созылатын үй карантиніне шығарылды.

Бүгінгі күнге дейін Қарағанды облысында «жаман тұмаудан» жазылғандардың саны 17 адамға жетті.

 

Қарағанды облысы