Қоғам • 22 Сәуір, 2020

Әлеуметтік шаралардың президенттік пакеті

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біз елімізде жарияланған шаралар легін жинақтап, оны шартты түрде «Әлеуметтік шаралардың президенттік пакеті» деп атадық.

Әлеуметтік шаралардың президенттік пакеті

Оған 42 500 теңгелік әлеуметтік төлем, зейнет­ақының индексациясы, жылдық 10 пайыздық мемлекеттік жәрдемақы, несиені 90 күнге шегеру, коммуналдық шығындар үшін 15 мың теңгеден бөлу, әлеуметтік маңызы бар тауарларды мемлекеттік реттеу, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасына бөлінетін қаражатты 1 трлн теңгеге дейін арттыру қадамдарын жатқыздық. Президенттің әлеуметтік шаралар пакеті қазіргі таңда әлеуметтік саясатта Үкімет тарапынан кедергісіз орындалуы тиіс тапсырмаға жатады. Жалпы әлемдік тәжірибеде әлеуметтік саясат моделі үшке бөлінеді. Олар: скандинавиялық, континенталдық және англо-саксондық. Атап өткен амалдардың соңғысы жеке қамтамасыз ету, жоғары жауапкершілік сипатына ие. Континенталдық амал – әлеуметтік қорғау саласына баса маңыз беретін еуропалық модель. Скандинавиялық модель – мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерінің әмбебап сипатқа ие болуы. Ондайда мемлекет халықтың әлеуметтік әл-ауқаты үшін жауапкершілікті өзіне алады. Егер біз қазақстандық модель туралы айтар болсақ, әлеуметтік қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім беру саласында минималды пакеттер қарастырылған. Оған жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау, ең төменгі айлық, зейнетақы, медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі, тегін орта білім, тегін жоғары білімді конкурстық негізде алу, қолжетімді ақыға азаматтарға үй ұсыну шаралары енеді.

 

Рахым ОШАҚБАЕВ,

саясаттанушы