Руханият • 22 Сәуір, 2020

Қиын кездегі қолдау ұмытыла қоймас

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жанды жадыратар жаңалық­тың көп болғанын қалайтын­дар­­дың бірімін. Сабыр сақтап, ер­­теңгі күнге сеніммен қарау, жақ­­­­сы­­­лықтан үміт үзбеу де бізге жігер береді. Балаларымыздың рия­­сыз күлкісі, алаңсыз ойыны да қуат береді. Оған қоса мемлекет тара­­пы­нан тиісті көмектерді алып жа­тыр­мыз. Отағасы да табыл­ған жұ­мыстан бас тартпай, от­басын та­рықтырмаудың қамымен жүр.

Қиын кездегі қолдау ұмытыла қоймас

Мысалы, 42 500 теңгені өтінім берген соң еш қиындықсыз көп кешіктірмей алдық. Одан бұрын Түркістан қа­ласы әкімдігінен азаматтар бала­­ларға тиесілі кепілден­ді­ріл­­ген әлеуметтік көмекті әке­ліп берді. Ол азаматтарға да ал­­ғы­­­сы­мызды айттық, бала­­лар да қуа­нып қалды. Мұндай кө­мек­­­­­тер­дің қиын кезде бері­летін қол­­дау екенін жақсы түсіне­міз, әри­не. «Аштықта жеген құй­қа­ның, дәмі ауыз­дан кетпес» деген бар емес пе. Сон­дықтан да Үкі­метке, әкім­дікке айтар алғысы­мыз шексіз.

 

Мөлдір ӨТЕГЕНОВА,

Түркістан қаласының тұрғыны