Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

«Қазфосфат» 10:46 маркалы аммофос өндірісін ұлғайтпақ

595 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​«Қазфосфат»10:46 маркалы аммофос өндірісін жылына қосымша бір миллион тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазфосфат» 10:46 маркалы аммофос өндірісін ұлғайтпақ

«Қазфосфат» ЖШС Қазақстанның химия саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі. Фосфорит кендерін өндіру, өңдеу және байытудан бастап, химиялық өнімнің кең ассортиментін – сары фосфор, оның туындылары мен фосфоры бар тыңайтқыштарға дейін шығарады. Дайын өнімді алыс және жақын шетелдерге, ЕАЭО елдеріне экспорттайды.

Фосфорлы минералды тыңайтқыштар өндірісінің көлемі 2010 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде 76892 тоннадан 393 420 тоннаға дейін өсті. Өсім 5,1 есе құрады. Бүгінгі таңда өндірілетін өнімнің жалпы көлемінің 89 пайызы 27-ден астам елге экспортталады, олардың қатарында Еуропа, ТМД, Азия және Америка елдері бар. Қазіргі уақытта «Қазфосфат» ЖШС өз алдына 10:46 маркалы аммофос шығаруды жылына қосымша бір миллион тоннаға дейін ұлғайту міндетін қойып отыр.