Лакшми Миттал бір айдан астам уақыт ішінде ArcelorMittal
Сондай-ақ Төраға және Бас директор осындай қиын уақытта өз кәсіби міндеттерін орындауын жалғастырғандарға алғыс айтты: «Біріншіден, қайда жүрсеңіз де, барлығыңызға осы қиын-қыстау кезеңде компанияға көмектесу үшін жасаған істеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Негізгі өндіріс үшін қажет болат өндірісіне қатысқан барлықтарыңызға рахмет. Өндірісі сұраныстың болмауына байланысты уақытша тоқтатылғандықтан, қазір жұмыс істей алмайтындардың барлығына рахмет. Үйде жұмыс істейтіндерге, көбінесе жұмысты бала тәрбиесімен және мектеп тапсырмаларын орындаумен шебер үйлестіре білгендерге - рахмет. Өздеріне жүктелген міндеттер шеңберінен шығып, өкпе желдетуші аппарат әзірлеуге және маска өндірісіне атсалысқандарыңызға рахмет. Сондай-ақ, әлеуметтік қашықтықта командалық рух пен бірлік сезімін сақтай білген көшбасшылар тобына рахмет. Біздің алдымызда көптеген түрлі міндеттер тұр, бірақ АрселорМиттал - бұл нағыз қауымдастық».
Лакшми Миттал өз сөзінде компания дағдарысты өте күшті позицияда қарсы алғанын атап өтіп, бұның бәсекеге қабілеттілікті нығайту жөніндегі көптеген жұмыстардың арқасында мүмкін болғанын мәлімдеді. ArcelorMittal басшысы компания дағдарысты барлық қызметкерлердің ортақ күш-жігерінің арқасында сәтті еңсеретініне сенім білдірді. Бұл идея үндеумен бірге таратылған видеода да көрсетілген.