Халықаралық озық тәжірибе негізінде қатты пайдалы қазбаларға арналған жер қойнауын пайдалану саласындағы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету үшін Жер қойнауы туралы жаңа Кодекс қабылданды. Осы Кодекс қабылданғалы лицензияларды берудің австралиялық үлгісі енгізіліп, 621 лицензия берілді.
Қазіргі уақытта Қазақстанның 1,2 млн кв.км. аумақта геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндігі бар. Бұл өз кезегінде мультипликативтік әсер етіп, сервистік компаниялардың дамуына, білікті кадрлар мен технологиялардың келуіне жол ашады. Осыған байланысты салаға 50 млрд. теңге көлемінде жеке инвестиция тартуға мүмкіндік туады.
2014 жылдан бастап 2018 жылға дейін салаға 122 млрд. теңге көлемінде шетел инвестициясы салынды. Бұл қаражаттың негізгі бөлігін ресейлік инвесторлар Жолымбет, Ақсу, Бестөбе, Суздальское, Сенташ, Қарабұлақ кен орындарына, Желтоқсан кенішіне, Көкбөріге алтын мен алтын кендерді өндіруге салды. Сондай-ақ Германия, Қытай, Канада, Ұлыбритания, Бельгия, Израиль, Корея, Ливан, Түркия, Швейцария, Сербия. Нидерланды, Біріккен Араб Әмірліктері, Австралия, Кипр, Люксембург, Оман және басқа да елдерден инвесторлар тартылды.