Қоғам • 24 Сәуір, 2020

Елжан Біртанов медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус індетін емдеудің тиімді клиникалық хаттамасын әзірлеген әріптестеріне ризашылық білдірді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Facebook парақшасында жазды.



Елжан Біртанов медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді

«Ақтаева Ләззат Мейрашқызына және еліміздің жетекші медицина қызметкерлеріне, барлық әріптесімізге коронавирус инфекциясын диагностикалау мен емдеудің тиімді әр сәтті қолданылған клиникалық хаттамасын әзірлегендері үшін ризашылық білдіремін. Еліміздің әртүрлі өңіріндегі індетпен қазіргі уақытта күресіп жатқан барлық әріптесіме рахмет. Індет ойдан шығарылмаған, ол өкінішке қарай әлі де жалғасуда. Бірақ, медицина қызметкерлерінің, сонымен қатар еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің түрлі учаскелерін басқарып жүрген әріптестерімнің жанқиярлық еңбегінің арқасында әзірше індет бақылауда тұр. Сондықтан да барлықтарыңыздан парасатты болуды, медицина қызметкерлері мен биліктің ұсыныстарын орындауды тағы да өтінемін. Бұл мәжбүрлі уақытша шектеулер» деп жазды ол.