Қазақстан • 24 Сәуір, 2020

«Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі өмірден өтті

1040 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Той жыры» секілді әндерімен елге танылған «Дос-Мұқасан» тобының мүшесі Хамит Санбаев қайтыс болды. Бұл туралы шығармашылық ұжымның Instagram парақшасында жарияланды.

«Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі өмірден өтті

«Хамит Санбаев есімді азамат қайтыс болды. Ол ансамблдің негізін қалаушылардың бірі, өте ақкөңіл азамат еді. Орны толмас өлім.  Мұндай кеңпейілді жандар туралы «Сенімен бірге қанша дәуреніміз өтті!. Артыңдағы бізге өзің жайлы қанша естелік қалдырдың!?» деп айтады. Хамитті мәңгі жадымызда сақтаймыз және ол үшін дұға тілейміз! Иманды болсын», - делінген топтың желідегі ресми парақшасында 

Естеріңізге сала кетейік, Дос-Мұқасан — эстрадалық вокальді аспаптар ансамблі. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі - Мұрат Құсайынов. Ансамбль құрамы екі рет (1975, 1985) жаңарған.  1997 жылы Досмұқасанның құрылғанына 30 жыл толуына байланысты «Әуен» музыка студиясынан «Той жыры» деген атпен ансамбльдің 1967 — 75 жылдары орындаған ең таңдаулы әндерінің «Үнтаспа»-альбомы шығарылды.

2