Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 16 наурыздан бастап енгізілген төтенше жағдайға байланысты халыққа үндеуін жолдады. Президент өз мәлімдемесі арқылы осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан халыққа, бизнеске көрсетілген қолдау іс-шараларының барлығы әлі де әрі қарай жалғасын табатынын жеткізді.

Сонымен қатар халықтың шыдамдылығына, тәртіпке бағынған өмірлеріне, ел амандығы мен халық келешегіне, оның қауіпсіздігі үшін ерен еңбек етіп жүрген жандарға да – дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне және әскери қызметшілерге алғысын білдіруі Президенттің өз тарапынан елге, халыққа көрсеткен ерекше қолдауы ретінде қабылдануы тиіс.
Президент өз мәлімдемесінде «Біз қазірден бастап дағдарыстан кейінгі кезеңге дайындалуымыз керек» деген ұстанымға ерекше мән берді. Дағдарыс әрдайым кез келген мемлекетке, мекемеге, тіпті жеке адамның өзіне толассыз мүмкіндік береді. Дағдарыс – ол өсу, ол бір сапалы деңгейден екінші сапалы жағдайға ауысу мүмкіндігі. Бұл мүмкіндіктер неде?
Біріншіден, Президент атап өткен мемлекеттік басқару жүйесі, яғни тиімді мемлекет, тиімді мемлекеттік аппарат, тиімді мемлекеттік қызмет деген құндылықтарды айқындайды. Алдыңғы қатарға мемлекеттік аппарат тиімділігі шығады, яғни өзара әрекеттесу, сондай-ақ қоғам мен коммуникацияны жеделдету әрі оңтайландыру.
Екіншіден, дәстүрлі өзара әрекеттесу белсенділігі төмендеуі салдарынан онлайн әрекеттесу белсенді түрде дамиды. Бұл білім беру, сауда, медицина, мемлекеттік қызмет көрсету сияқты салаларда ерекше айқын көрініс табады. Жаңа бизнес үлгілер, принциптер, нормалар пайда болуы мүмкін, тіпті халықтың тұтыну сипаты да өзгеруі мүмкін.
Үшіншіден, COVID-19 індеті бүгінде тіпті сайлау процестеріне де үлкен өзгерістер әкелуде. Сол себепті сайлау процесін ұйымдастыруды жетілдіру жағынан да мүмкіндіктер мол. Мысалы, Оңтүстік Корея пандемия жағдайына қарамастан, өз елінде парламенттік сайлауды өткізді, яғни кез келген үрдісті бейімдеуге әрі өзгертуге болады деген сөз.
Төртіншіден, төтенше жағдай қоғамда цифрлы сауаттылық, цифрландыру мәселесінің өзектілігін ерекше көрсетті. Бұл төтенше жағдай мемлекеттің бірқатар саласында, әсіресе білім, әлеуметтік, еңбек, қаржы, тіпті ойын-сауық индустриясының өзінде цифрлы технологияларды дамыту мүмкіндігін беріп отырғанын көріп отырмыз. Сол арқылы, халықтың технологияларды пайдалану деңгейі күрт өседі деп болжауға болады. Ал технология әрдайым ашықтық әрі транспаренттілік қағидаттарының жүзеге асуына ерекше серпін береді.
Бесіншіден, төтенше жағдайда еріктілер, азаматтық белсенділер халыққа ерекше көмектесуде. Бұл да біздің ел үшін үлкен мүмкіндік, осындай азаматтық бастамалар легін әрі қарай жалғастыру арқылы мемлекет азаматтардың еліне, жеріне, елді мекеніне деген жауапкершілік сезімін де ұялатады. Қазақстанның өмірлік ұстанымы болған бірлік әрі ынтымақ деген түсінік ел үшін де, мемлекет үшін де айрықша мәнге ие болуы мүмкін.
Президент айтып өткендей, «кемшіліктерді біз көріп отырмыз. Одан тиісті сабақ алып, қажетті шараларды қабылдаймыз», яғни ұстанымы биік ел ретінде біз де пандемия жағдайынан өз сабақтарымыз бен өз мүмкіндіктерімізді алатынымыз сөзсіз.
Алуа ЖОЛДЫБАЛИНА,
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы
Бивол Джошуа Буатсимен күш сынасуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:10
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Президент • Бүгін, 14:59
Алматыда пара алған емхана меңгерушісіне сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 14:47
Мәулен Әшімбаев халықтың табысын арттырудың жаңа тәсілдері туралы айтты
Парламент • Бүгін, 14:40
Бельгияда маймыл шешегінің 6 дерегі тіркелді
Әлем • Бүгін, 14:35
Референдум: Қазақстандықтар Ресейдің 5 қаласында дауыс бере алады
Әлем • Бүгін, 14:22
Жамбылда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:12
Мемлекет басшысының Қырғызстанға сапары барысында 10 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 14:03
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 13:56
Павлодарда мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 13:47
Иранда 10 қабатты ғимарат құлап, жүздеген адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 13:35
Референдум: Конституцияда не өзгеруі мүмкін?
Референдум-2022 • Бүгін, 13:21
Елімізде 2 миллионнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
Үкімет • Бүгін, 13:10
Біртанов Бас прокурордан мемлекеттік айыптаушыларды ауыстыруын сұрады
Қоғам • Бүгін, 12:55
Есірткі сақтаған шымкенттік тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:45
Зейнетақы төңірегіндегі теңсіздіктер қайтсе жоғалады?
Қоғам • Бүгін, 12:37
Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер берілді
Спорт • Бүгін, 12:28
Елімізде 280 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады
Қоғам • Бүгін, 12:22
Қызылордада қала тазалығына жауапты жұмысшылар автобуста тегін жүреді
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:06
Артық төленген утиль алымды қайтаруға өтінім қабылдау басталды
Қоғам • Бүгін, 11:57
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен кездесті
Президент • Бүгін, 11:52
Екібастұзда 5 жастағы бала терезеден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:47
Қазақстан Қырғызстанға әскери көмек көрсетеді
Парламент • Бүгін, 11:42
Сенегал ауруханасындағы өрттен 11 нәресте қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 11:35
Алматыда лауазымды тұлғалар 50 млн теңге ұрлаған
ANTIKOR • Бүгін, 11:30
Қарағандыда заңсыз покер клубы анықталды
Аймақтар • Бүгін, 11:22
БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы ауысты
Тағайындау • Бүгін, 11:17
Қазақстан Арменияға мұнай өнімдерін сатады
Парламент • Бүгін, 11:03
Астық өңдеушілер Қазақстанда бидай экспортына тыйым салуды сұрады
Экономика • Бүгін, 10:53
Министрлердің халықпен кездесу кестесі бекітілді
Үкімет • Бүгін, 10:50
Бішкекте Еуразия экономикалық форумы өтіп жатыр
Әлем • Бүгін, 10:47
Елжан Біртанов ісі бойынша басты сот отырысы басталды
Қоғам • Бүгін, 10:40
Шымкентте түлектер отырған кортеж жол ережесін бұзған
Аймақтар • Бүгін, 10:33
Қазақстандық оқушылар Азия олимпиадасына қатысып жатыр
Білім • Бүгін, 10:27
Германия коронавирусқа байланысты шектеулерді жеңілдетті
Әлем • Бүгін, 10:20
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барды
Президент • Бүгін, 10:12
Президент Рубен Андриасянның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Президент • Бүгін, 10:01
Ұшақ жолаушысы Өзбекстанға 9 млн теңге алып кетпек болған
Оқиға • Бүгін, 09:55
Елордада тағы бір ақылы тұрақ іске қосылады
Елорда • Бүгін, 09:49
Ұқсас жаңалықтар