Технология • 09 Мамыр, 2020

Балалардың сауатын жасанды интеллект ашады

648 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жасанды интеллект адамзатқа революциялық өзгерістер әкелетін инновациялық салалардың бірі болып саналады. Бүгінгі күні жасанды интеллект күнделікті тіршілік саласына дендеп ене бастады.  Әсіресе жасанды интеллекттің білім беру нарығындағы рөлі ерекше байқалады.

Балалардың сауатын жасанды интеллект ашады

Дублинде  SoapBox Labs компаниясы әзірлеген технология балаларда сауатты болуға және оқу дағдыларын жақсартуға көмектеседі. Бағдарлама әзірлеушілерінің айтуынша, бұл жүйе балалар дауысы мен сөйлеу мәнерін дәл тануға мүмкіндік береді. Бұл балдырғандардың ойын ойнау тәжірибесін арттырып, дауыс арқылы оқуына мүмкіндік береді.

Компанияның негізін қалаушы Патрисия Скэнлонның айтуынша, бұл технология балаларға арнайы жасалған. Онда балалардың дауысы модельдеу арқылы өзін-өзі тануға көмектеседі. Осының бәрі жасанды интеллект саласындағы соңғы жетістіктер.

Компания саладағы  Micrioosoft сияқты алпауыт компаниялармен әріптестікте жұмыс істейді.  Бұл технологияға сондай-ақ Марк Цукерберг қолдау көрсетіп отырған Reach Every Reader сарапшылары да назар аударып отыр. Қазіргі кезде әлем бойынша  27 коммерциялық лицензиясы бар компания бірнеше тілдер бойынша қызмет көрсету аясын кеңейткен.  Компания білім, балаларды оқыту, тілді меңгеру сияқты алаңдарда белсенді.