Қоғам • 11 Мамыр, 2020

Telegram-bot жедел жұмыс істеді

251 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының әзірлеуші командасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік офисімен ынтымақтастықта жаңа коронавирустық инфекция бойынша telegram-bot-ты іске қосты.

Telegram-bot жедел жұмыс істеді

Еске сала кетейік, COVID-19 бойынша telegram-bot Нұр-Сұлтан және Алматы қала­ла­рында, сонымен қатар бас­қа да облыстарда төтенше жағ­дай режімі енгізілер алдын­да ғана Денсаулық сақтау ми­нис­­­трлігінің Операциялық шта­­бы, сондай-ақ қатысы бар өзге де құрылымдардың қызметкерлерін сараптауға не­гіз­делген жедел, тексерілген ком­муникацияны орнату мақ­са­тында іске қосылған болатын.

Күн сайын артып келе жатқан жазылушылардың саны (25 000+), сондай-ақ пайдаланушылар қойған сұрақтар құрылымының кең ауқымы жаңа байланыс арнасының функционалын масштабтау қажеттілігін көрсетті. Жүр­гізілген техникалық реновациядан кейін bot коронавирус туралы деректер базасынан өзіне белгілі сұрақтарға жауа­п беруді үйренді. Егер бұрын 100-ден астам өзекті сұрақтың іші­нен пайдаланушыға бөлімге кіріп, қажетті сұрақты іздеуге тура келсе, қазір мәтінді теру жеткілікті, ал бот оған жауап береді. Осы­ған байланыс­ты ақпарат алу жылдамдығы бірнеше есеге артты. Егер bot жауапты білмеген жағдайда, ол пайдаланушыны операторға қосады. Жасанды интеллект мүмкіндіктерімен нығайтылып жаңартылған bot жұмысының бірегейлігі – ол пайдаланушы­лармен диалог барысында жетіл­діріліп, ақылды бола түседі. Бұл жүйеге нақты және айқын жауап­тар беруге мүмкіндік береді, ол пай­­даланушының сұранысына сәйкес келеді. Айта кету керек, әр ашылған сайын бот ың­ғайлы бола түседі, оны жаңа құ­зыреттермен қам­тамасыз ете отырып, қайта оқып шығуға және бағыттауға бо­лады.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көбжасаров пандемия және карантин аяқталады, ал bot ел азаматтарына септігін тигізе алатын мәселелер әлі де біраз уақыт сақталады деп есептейді. Коммуникацияның қарқынды және ыңғайлы арнасы – бұл Денсаулық сақтау министрлігі жұмысының өзект­і мәселелері бойынша құзы­ретті кері байланысты да­мы­туға және қамтамасыз ету­ге қабілетті ұзақ мерзімді құ­ралдарға салу.