Аймақтар • 11 Мамыр, 2020

Карантин кезіндегі «мәдениет» тұрғындарға қызмет көрсетуде

238 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов онлайн-брифингте  Төтенше жағдай кезінде облыстың мәдениет мекемелері қашықтықтан жұмыс жасап жатқаны жайлы хабардар етті.

Карантин кезіндегі «мәдениет» тұрғындарға қызмет көрсетуде

Еліміздің өнер ұжымдарының онлайн концертінен бөлек, түрлі деңгейде ұйымдастырылған байқаулар мен челлендждерге де павлодарлықтар да белсенді қатысуда.

Ал, өңірдегі барлық  қалалық, аудандық мәдениет  бөлімдері әлеуметтік желілерде және медиа ресурстарда жергілікті өнерпаздардың концерттерін, көрмелерін, түрлі салалар бойынша мамандардың лекциялары, челлендждер, байқаулар мен шеберлік сағаттарын ұйымдастырылуда.

- Біз карантин кезінде тұрғындардың уақытты рухани мағынада өткізуі үшін үй жағдайында мәдени-сауық шараларының жобасын жасадық. Осы мақсатта облыс тұрғындары мәдениет бөлімдерінің инстаграмдағы ресми парақшаларында, madeniet атты бірыңғай инстаграм парақшасында қызықты, пайдалы кейстер жариялануда. Бұл көп жазылушыларды қамтитын tipavlo, tipavlo.dar, umihelp, mypavlodar, kuda_poidem_pvl және басқа да парақшаларға беріледі, - дейді Е.Дәуенов.

 Басқарма басшысының айтуынша, онлайн түрде ұйымдастырылған шаралар тұрғындар арасында ерекше қызығушылыққа ие болған.

Мысалы, Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі өткізген «Динозаврдың  суретін»  салу бойынша 1 аптаның ішінде 1300 қатысушыдан өтініш түскен.

Ал, суретші Ольга Керимованың 10 жыл бұрын салынған танымал портретіндегі 3 жасар қызды іздеу шарасы одан да қызықты. Барлық әлеуметтік желіде кең тараған портреттегі қыз  да табылды.

 - Шығармашылық ұжымдардың концерттері мен спектакльдерін  И.Байзақов атындағы филармония, театрлардан You Tube арналарынан көре алады.

Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрының You Tube арнасынан «Күтпеген кездесу» спектаклін көруге болады.

 Ал карантин мерзімі біткен соң, облыстық қазақ, орыс театрлары Екінші Дүние жүзілік соғыстың  аяқталуының 75 жылдығына арналған премьералық қойылымдарын көрермен назарына ұсынады.

 

ПАВЛОДАР