Коронавирус • 11 Мамыр, 2020

Ақмола облысы: Өнеркәсіптік кәсіпорында жұмыс істейтін адамнан жұқтырған

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Ақмола облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам туралы мәлімет берді.

Ақмола облысы: Өнеркәсіптік кәсіпорында жұмыс істейтін адамнан жұқтырған

Зертханалық зерттеу барысында Целиноград ауданында 1979 жылғы әйел адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл азаматша өзіне дейін вирусты жұқтырған адаммен байланыста болған. Тізбек бойынша вирус Нұр-Сұлтан қаласында өнеркәсіптік кәсіпорында жұмыс істейтін адамнан тараған.

Осыған дейін провизорлық стационарда жатқан, енді Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде емделетін болады.

Бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық тергеу бойынша ауру ошақтары мен байланыс орнатқан адамдарға қатысты эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі. Вирусты жұқтыруы ықтимал адамдарды анықтау үшін тергеу жұмыстары жалғасады.

Облыс стационарларында 395 науқас жатыр, оның ішінде провизорлық стационарда – 30, карантиндік стационарда – 348, жұқпалы аурулар стационарында – 17.

564 адам үй карантині талаптарын сақтап отыр. Қазіргі таңда облыста вирусты жұқтырған 110 адам тіркелген, олардың 97-сі Целиноград ауданында, қалғандары Көкшетау қаласы, Аршалы, Шортанды, Егіндікөл және Ақкөл аудандарында тіркелген. Жазылып шыққандар саны – 90.