Қоғам • 11 Мамыр, 2020

Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Жамбыл облысында 4800 тұрғын үй салынады

130 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 542 мың шаршы метр немесе 4800 тұрғын үй салу міндеті тұр. Бұл туралы Индурстрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Жамбыл облысында 4800 тұрғын үй салынады

Биылғы І тоқсанда салаға 12,8 млрд теңге инвестиция бағытталып, жалпы ауданы 107,9 мың шаршы метр болатын 824 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде – 768 жеке үй.

Жалпы биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Жамбыл облысында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысына 20,4 млрд. теңгеге 70 жоба іске асырылып, 1230 адам жұмыспен қамтылады.

Кредиттік немесе сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 1980 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 27 жобаны іске асыру үшін 4,9 млрд теңге қарастырылған. Жыл соңына дейін жалпы ауданы 42,5 мың шаршы метр болатын 695 жалға берілетін пәтер пайдалануға беріледі. Халықтың аз қамтылған әлеуметтік топтарына, көп балалы отбасыларға берілетін ол баспаналардың құрылысына 330 адам жұмысқа тартылады. 

Ал кредиттік тұрғын үй құрылысына 32 жобаны іске асыру үшін 12 млрд теңге қарастырылған. Оған 76,5 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 1285 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Ол жобаларды іске асыру үшін 644 адам жұмыспен қамтылады. 

Бұдан басқа, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2%-бен несие берілетін «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен 358 тұрғын үй қарызына 3,6 млрд теңге қарастырылып отыр.

Облыста тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге 11 жоба іске асырылады. Ол мақсатқа 3,5 млрд теңге бөлінеді. Аталған жобалар бойынша 256 жұмыс орны ашылады.