Аймақтар • 11 Мамыр, 2020

Жамбыл облысында 1500 отбасына көмек көрсетілді

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасиетті Рамазан айында Жамбыл облысында тұратын 1500-ге жуық аз қамтылған отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Облыс орталығы Тараз қаласындағы және өңірдің бірқатар аудандарындағы тұрғындарға қажетті азық-түліктер таратылды.

Жамбыл облысында 1500 отбасына көмек көрсетілді

Бүгінде еліміз бойынша бастау алған  қайырымдылық акциясына «Халық» қайырымдылық қоры мұрындық болған. Аталған қор 20 мың азық-түлік жиынтығын қалыптастырып, бүгінгі төтенше жағдай режимі мен карантиндік шараларға байланысты күрделі қаржылық жағдайда тап болған мұқтаж отбасыларға үлестіруде. Өнімнің жалпы көлемі 1200 тоннаны құраған. Жамбыл өңірінде игі бастаманы алғашқылардың бірі болып еріктілер қолдап, тұрғындарға азық-түлікті жеткізіп беруге барынша атсалысқан. Еріктілердің айтуынша, тұрғындар әлеуметтік көмекті өте жылы қабылдап, ризашылықтарын білдіруде екен.

 

Жамбыл облысы