Қоғам • 12 Мамыр, 2020

Еркінсуге әлі ерте

278 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі­нің алаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай және қала тірші­лігін ұйымдастырудың жаңа алгоритміне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Еркінсуге әлі ерте

Бас қалада карантин кезіндегі талаптар жеңілдегенімен, тұр­ғын­дарға еркінсуге әлі ерте. Бүгін­де елорда да коронавирус инфек­циясының 1074 жағдайы тіркелді. 1134 науқас стационарда жатыр. 404 адам емделіп шықса, індеттен 3 адам көз жұмды.

– Қаланың тыныс-тірші­лі­гін қамтамасыз ететін бірқа­тар кәсіп­орынның ғана қызме­тіне рұқсат етіледі. Қала шекарасын­дағы блок-бекеттер де жұмысын жалғастырады. Карантин кезінде 98 объекті жабылған болатын. Енді оның 66-сы ашылмақ. Қалғандары алдағы уақытта іске қосылады, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімі­нің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Спикердің айтуынша, сая­бақ­тарға, алаңдарға және ойын-сауық объектілері жоқ жаға­лауларға бірлесіп 3 адамға дейін немесе бетперде киіп отба­сы мүшелерімен баруға болады. Сондай-ақ күшейтілген сани­тар­лық-дезинфекциялық ре­жімді сақтай отырып, шағын сау­да орталықтары жұмысын жал­ғастыра бермек. Нұр-Сұлтанға кіру қызметті қайта бастауға рұқ­сат етілген кәсіпорындарда жұмыс істейтін мамандар үшін ашық. Ақмола, Павлодар облыс­тарының әкімдері карантин аймағында жұмыс істейтін жақын аудан азаматтарының тізімін қалыптастырады және «Сергек – Блок-бекет» жүйесіне енгізу үшін әкімдіктің жедел штабына ұсынады.

– Мекемеде бір мезгілде бірне­ше адам болмауы керек және олардың барлығы бетперде тақ­қаны жөн. Қызметкер мен клиент­тің арасы 2 метрден кем болмауы тиіс. Сонымен қатар персонал мен клиенттің тікелей байланысын барынша шектеу керек. Тұр­мыстық техника сататын ірі дүкендер мен бау-бақша маусымына қатысты керек-жарақ дүкендерінде де медициналық пунк­ттердің болуы міндетті, меди­циналық қызметкерлерді әр ауысым сайын тексеріп отыруы шарт. Клиент пен қызметкер арасында арақашықтық сақталуы керек, – дейді Б.Мәкен.

Баспасөз мәслихаты барысында мемлекеттік әлеуметтік шаралармен қатар, Елбасының бастамасымен басталған «Біз біргеміз!» акциясының аясында атқарылған жұмыстар да айтылды. Атап айт­сақ, әлеуметтік осал топқа жата­тын 42500 отбасына Nur Otan пар­тиясынан 50 мың теңгеден әлеу­меттік көмек берілген. Биз­нес­м­ендер мен қайырымды аза­мат­тардың күшімен 17 мың тонна азық-түлік жиынтығы тапсырылып, оған қалалық штабтан 500 ерік­ті жұмылдырылған.