Мобильдік топтардың құрамына зиялы қауым өкілдері, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, учаскелік полиция инспекторлары және қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері енгізілген. Аталған топ бүгінде жүйелі жұмыс жүргізуде.
Бүгінгі күні топ мүшелері Тараз қаласының аумағында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 374 тонна күл-қоқыс шығарылып, 1799 тал-дарақтар бұталған. Сонымен қатар, қала көшелерінің аялдамаларындағы 221 дана жабайы жарнамалар алынып, аялдамалар сырланып, қалыпқа келтірілді. Сондай-ақ, 58 шақырым арық жүйелері тазартылса, 103 құрылыс нысандарының қоршаулары қалыпқа келтіріліп, бейберекет орналастырылған 524 жарнамалар алынды. Жұмыс нәтижесінде 109 бейберекет сауда орындары жойылып, 65 заңсыз орналасқан дүңгіршектер алынды. Ал, 13 заңсыз, «қызыл сызық» нормаларын сақтамай салынған құрылыс нысандары бұзылса, 127 бизнес субъектілерінің ғимараттары эскиздік жобаға сәйкес жаңартылған. Тараз қаласы бойынша 19525 шаршы метр жерлердегі шөптер орылды. Тараз қаласы әкімдігінің мәліметінше, мобильдік топ мүшелерінің аялдамаларды қалпына келтіру жұмыстарынан кейін де қайтадан хабарландырулар мен жарнамалар орналастырған 50 азамат анықталып, олар Заң аясында әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға айыппұл салынған.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 11-12 мамыр күндері мобильдік топ мүшелері волонтерлармен бірлесе отырып карантин режимін бұзып, жұмыс істеп тұрған 13 шаштаразды анықтаған. Шаштараз иелеріне ескерту беріліп, олардың жұмыстары тоқтатылса, 1 шаштараз иесіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес айыппұл салынды. Жалпы, Тараз қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 94 жоба жүзеге асырылып, 5664 жұмыс орыны ашылады деп жоспарлануда. Оның ішінде 2822 жұмыс орнына «Жұмыспен қамту орталығында» ресми жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар жұмыспен қамтылатын болады. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады.
Жамбыл облысы