Елімізде жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың негізгі бағыттарына сәйкес тамыз айында сайланған ауылдық, аудандық маңыздағы қалалық округтердің әкімдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Оны кіріспе сөз сөйлеп ашқан облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жаңадан сайланған әкімдердің өздеріне көрсетілген сенімнің үдесінен шығу үшін уақыт талабына сай жұмыс істеулері қажеттігін атап көрсетті. Өз жұмыстарында қате қадамдарға ұрынбау үшін еліміздің заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, құқықтық сауаттылыққа қол жеткізу керектігін алға тартты. Өңір басшысы жаңадан сайланған жергілікті билік өкілдерінің алдында тұрған міндеттерге жан-жақты тоқталды. Ол, сонымен бірге, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасынан» туындайтын міндеттерді жүзеге асыруды біліктілікпен жүргізгенде ғана әкімдер мен бұқара халықтың арасындағы ынтымақтың беки түсетінін жеткізді.

Үстіміздегі жылғы 7 тамызда облыста 149 қалалық және ауылдық округтер әкімдері сайланды. Олардың арасында 77 мұғалім, 22 ауыл шаруашылығы қызметкері, 18 экономист, 17 заңгер, 14 инженер халық қалаулыларының, яғни елдің сеніміне ие болды. Бұрыннан әкімдік қызметте келе жатқан 112 адам сайлауға қатысып, оның 102-сі орынтағын сақтап қалды. Жергілікті әкімдер корпусы 30 пайызға жаңарды. Ауыл әкімдеріне жүктелген қызметтерді заңдылықтарға сәйкес біліктілікпен және сапалы атқару үшін орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдігінің штаттық саны қысқартылып, соның есебінен ауылдық округтердің қызметкерлері 264 бірлікке көбейтілді. Бұрын бұл аумақта 562 адам жұмыс істесе, енді олардың саны 864-ке жетті. Осыған орай жаңадан қосылған қызметкерлердің жұмысын қамтамасыз ету үшін республикалық және облыстық бюджеттерден 155 млн. теңгеден астам қаражат бөлінген.
Жаңадан сайланған жергілікті әкімдерге арналған семинар-кеңес бір қарағанда оларға өз міндеттерін жүзеге асыруда жол көрсеткен заңдылық және құқықтық біліктілік сабағы іспетті болды. Семинар-кеңестен олар көп нәрсенің байыбына барып, үлкен ой түйіп қайтқаны сөзсіз. Себебі, онда айтылған мәселелермен олардың күнделікті жұмыстарында ұдайы кездесіп отыратыны да жасырын емес.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.