Жақында Жоғарғы Сот ссудалық шотты жүргізгені үшін ай сайынғы комиссияны төлеу міндеті туралы шарттың талаптарын жарамсыз деп тану туралы талап қоюшы мен қазақстандық банктердің бірінің арасындағы дауды қарады. Іс материалына сәйкес, банк және заемшы арасында 30 000 АҚШ долларына кредиттік шарт жасалған. Кейін қосымша келісімге сәйкес кредиттік лимит 49520 долларға дейін көбейген.
Жақында Жоғарғы Сот ссудалық шотты жүргізгені үшін ай сайынғы комиссияны төлеу міндеті туралы шарттың талаптарын жарамсыз деп тану туралы талап қоюшы мен қазақстандық банктердің бірінің арасындағы дауды қарады. Іс материалына сәйкес, банк және заемшы арасында 30 000 АҚШ долларына кредиттік шарт жасалған. Кейін қосымша келісімге сәйкес кредиттік лимит 49520 долларға дейін көбейген.
Осы қосымша келісімінде заемшы ссуда шотын жүргізгені үшін банкке сомасы 117 доллар ай сайынғы комиссияны төлеу міндеттелгендігі жөнінде тармағы көрсетілген. Талапкер төлемдерді алғаны үшін дауласқан. Бірақ бірінші сатыдағы сот оның осы шартта көзделген талаптарымен келісіп, оған қол қойғандығын дәлелдеме ретінде келтіріп, оның талап-арызынан бас тартқан. Осы шешіммен апелляциялық сот алқасы да келіскен. Алайда, кассациялық сот алқасы банк клиентінің талап-арызын қанағаттандырған.
«Ақша аудару және төлемдер туралы» заңға сәйкес, банк шоты, бұл банк пен клиенттің арасындағы ақша қабылдау жөніндегі және (немесе) банкттің клиентке қызмет көрсету шартының көрінісі болып табылады. Есепшот банктегі бухгалтерлік есептің көрінісі, жеке шот (субпозиции) баланстық шоттың құрамдас бөлігі болып табылады, сондай-ақ, ссуда шоты есеп айырысу операцияларына жатпайды. Осыған сәйкес, ссуда шотын ашу және енгізу заемшыларға емес, тек еліміздің екінші дәрежелі банктердің Ұлттық банкінің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі болып табылады. Ссуда шоты бухгалтерлік есептің, ақшалай қаражаттың көрінісі болып табылады және заемшының ссуда шоты бойынша қарыз екендігін білдіруге арналған. Банк заңгерлері осы соттың шешімімен келіспей, Жоғарғы Сотқа жүгінген.
Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы кассациялық сот алқасының Ұлттық Банктің 2012 жылғы 9 ақпандағы хатымен сай келетіндігін анықтады, онда өзара қарым-қатынас бойынша комиссия заемшыларының ссуда шотын жүргізуді заңсыз деп бағалаған және жедел қысқартуға жататынын көрсеткен. Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Жоғарғы Соттың қадағалаушы сот алқасы кассациялық сот алқасының қаулысын заңды және негізді дей отырып, оның күшін жоюға және банктің өтінішін қанағаттандыруға негіз жоқ екендігіне қаулы етті, деп хабарлады Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.