– Ақырында жыл сайынғы 70% мәреден өтіп, өтініштердің жалпы саны 131 мың (+15 000) жетті.
Қалай айтсақ та, онлайн формат көптеген артықшылықтарды береді және ең бастысы: таңдау мүмкіндігі! Оқушының таңдауына ешкім әсер етпей, ҰБТ тапсыруға кедергі бола алмады.
Оқушылардың ата-аналарына шыдамдылық танытқаны үшін шын ниетіммен алғыс айтқым келеді, өйткені онлайн тіркелу алғаш рет болып, (18 жасқа толмаған балалары бар) ата-аналарға да тіркелуге тура келді.
ҰТО қызметкерлерін, класс жетекшілерін, мектептердің оқу жөнінен меңгерушілерін, ЖОО мен колледждердің жауапты хатшыларын атап өтпеске болмайды. Еш аянбастан әрбір оқушы үшін жаны ашып, көмектескен болатын: өйткені бұл олар үшін де, лайықты түрде еңсерілген, алғашқы онлайн формат еді, – деді Д.Смағұлов.