Адам құқықтары жөніндегі орталықтың басшысы В.А. Калюжный ТМД және Орталық пен Шығыс Еуропа елдері үшін ЮНИСЕФ Өңірлік кеңсесінің өкілі Анн Гранжанмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында 27-28 маусымда Брюссель қаласында (Бельгия) өткен балаларға арналған әділет жөніндегі жоғары деңгейдегі конференцияның қорытындысы, сондай-ақ омбудсмен кеңсесінің бала құқықтарын қорғау саласында алдағы уақыттағы қызметінің басым бағыттары талқыланды.
Орталықтың басшысы ЮНИСЕФ Өңірлік кеңсесінің өкілін балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа тыйым салуға байланысты ұлттық заңнаманы жетілдіру және Қазақстанда дивергенцияны енгізу бойынша ұсынымдарды әзірлеуді, құрылып жатқан ұлттық алдын алу тетігі шеңберінде балалар мекемелеріне тәуелсіз мониторинг жүргізу үшін тетіктер әзірлеуді, Шығыс Қазақстан облысы мектептерінде зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша үлгілік бағдарламасына қатысуды қамтитын бірлескен ынтымақтастықтың негізгі іс-шаралары туралы хабардар етті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстандағы бала құқықтарын қорғау жүйесін нығайту бойынша алдағы уақыттағы өнімді ынтымақтастыққа сенімін білдірді.