25 Қыркүйек, 2013

Туған жердің тамыршысы

480 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

17diarovБелгілі ғалым Мұфтах Диаровтың еңбегі де, азаматтық болмысы да осылай деуге әбден лайық

Жасы ұлғайса да қарттыққа бой алдырмағандар қатарындағы Мұфтах Диаровты білмейтіндер кемде-кем. Ғалымның жер астындағы қазба байлықтардың молдығы туралы білімдарлығы, әсіресе, мұнай кеніштері жөнінде пікірін білдіргенде бар деректі қағазға қарамай-ақ жатқа соғатыны баршаны таңғалдырады. Әр кен орнының өзіндік ерекшелігін, маңызы мен келешегін дәл Мұфтах Диаровтай жетік білетіндер соншалықты көп бола қоймас. Соған орай көпшілік оны туған жерінің тамыршысы деп атайды.

 17diarovБелгілі ғалым Мұфтах Диаровтың еңбегі де, азаматтық болмысы да осылай деуге әбден лайық

Жасы ұлғайса да қарттыққа бой алдырмағандар қатарындағы Мұфтах Диаровты білмейтіндер кемде-кем. Ғалымның жер астындағы қазба байлықтардың молдығы туралы білімдарлығы, әсіресе, мұнай кеніштері жөнінде пікірін білдіргенде бар деректі қағазға қарамай-ақ жатқа соғатыны баршаны таңғалдырады. Әр кен орнының өзіндік ерекшелігін, маңызы мен келешегін дәл Мұфтах Диаровтай жетік білетіндер соншалықты көп бола қоймас. Соған орай көпшілік оны туған жерінің тамыршысы деп атайды.

ЕңбастыжетістіктіңбіріИн­дердегі №99, 100, 102 жәнеСәтимолаүлкенкенорындарыныңашылуы. Табиғи қорының молды­ғымен көпшіліктің назарын аудар­ған осы кен орындарын ашуға Мұф­тах Диарұлы көп еңбек сіңірді. Ол еңбектен қол үзбей, докторлық диссертациясын қорғады, 170-ге жуық ғылыми ең­бек жазды. Мұның сыртында 8 монография­сы мен 5 өнертапқыштық жұ­мы­­сы және бар. Кейін Ұлттық ғы­лым академиясының акаде­мигі, Ми­нералды ресурстар акаде­миясының академигі атанды.

Бұл күнде оның есімі тек Қа­зақстанға ғана емес, ТМД елде­ріне, тіпті шетмемлекеттерге кеңі­нен танымал дей аламыз. Мұны өзі де біледі, бірақ біреуге айтып, мақтанғысы жоқ. Жасы 80-ге келсе де әлі күнге ел­дің ғылыми әле­уе­тін көтеруді ойлайды. Қазір ғалым өзі ашқан кен ор­нының бірі – Сәтимоланы игеруде бай тәжірибесімен бөлісіп, «Сатбор» компаниясында жұмысын жал­ғастырып келеді. Өйткені, Сәти­моланың қорын, оны игерудің жолдарын Мұфтах Диаров өте жақсы біледі. Ғалым «Сат­бор» компаниясының бас директоры Талғат Қасенов және компания басшысының геология жөніндегі кеңесшісі Қасан Қамашевпен бірге 2012 жылы «Горно-химическое сырьё месторождения Сатимола. Бора­ты. Калийные соли» атты ғылыми тұжы­рымдамаларға бай кітап жазды.

Сәтимола кен орны – құрамында калий және бор кездесетін тұз­дардың ірі минералды-шикізат базасы. Осынау ірі кен орнын иге­ру үшін 2001 жылы шетелдік инвестордың қатысуымен «Сат­бор» тау-кен өңдеуші кәсіпорны құрылды («Сатбор» ШҚ ЖШС). 2004 жылы 19 сәуірде № 1391 ҚР Үкі­метімен жер қойнауын пай­далануға келісімшарт жасалды.

Аталған компанияның қызметі әлемдік стандартқа сай минералды калий тыңайтқышын шығаруды көздейді. Ал бұл Қазақстанның әлемдік нарықта минералды тыңайт­қышты ең негізгі, ең маңызды өндіруші, сондай-ақ, ең маңызды экспорттаушы болуына мүмкіндік береді. Міне, ел игілігі жо­лын­дағы осынау маңызды жобаның абыройлы іске асырылуында Мұфтах Диаровтың да лайықты үлесі бар.

Иә, туған жердің тамыршысына айналған Мұфтах Диаровтай отаншыл адам ғана ел үшін еңбек етуден ешқашан жалықпайды.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

____________________

Құттықтаймыз!

Академик, геология-минералогия ғылымдарының докторы Мұфтах Диаровты 80 жасқа толуымен құттықтаймыз.

Сізді саналы өмірінің 60 жылдан астам мерзімін туған жердің табиғи қазынасын ашуға, отандық ғылымның дамуына арнаған ғалым, білікті ұстаз, ақылшы аға ретінде танимыз. Өзіңіздің тәлімді тәрбиеңіз бен дәрісіңізді алған шәкірттеріңіз бен ұзақ жылғы ғылыми ізденісіңіздің нәтижесінде ашылған кен орындары ел экономикасының өркендеуіне қызмет етіп келеді.

Біз сізді бүгінгі 80 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық пен отбасы бақытын тілейміз.

«Сатбор» ШҚ ЖШС-нің және

Satimola Limited компаниясының ұжымдары.

Соңғы жаңалықтар