«Алғаш рет балабақшаларға кезекте тіркелгендер арасында басымдық ең алдымен педагогтердің балаларына және мүгедек баласы бар отбасылардың бүлдіршіндеріне беріледі.
Егіз балалары, үшемдері бар отбасылар балаларын бір балабақшаға беру бойынша қиындықтарға тап болатын. Енді мұндай ата-аналардың бір баласына белгілі бір балабақшадан орын тиген жағдайда, барлық балалары да (егер тағы орын болcа) сол балабақшаға жолдама алады.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдардағы бос орындарды бөлу процесі жүйеге келтірілді. Егер бұған дейін арнайы санаттағы балалар қабылданғаннан кейін, үш күн өткен соң, кезекте тұрғандардың барлығына бірдей жаңа орындарды алу мүмкіндігі ашылса (мұндайда кезектің мәні жойылатын), енді орындар кезекте тұрған келесі бірінші 1 000 (бір мың) өтініш берушіге ашылады», деді А.Аймағамбетов.