Шаруашылық меңгерушісі Аза Сәдуақасованың айтуынша, фермада симментал және Чехиядан әкелінген голштин тұқымды сиырлар өсірілуде. Ерекше күтімді қажет ететін малдың жемазығы арнайы қоймаларда сақталады. Шаруашылықтың 50 адам еңбек етеді
Ал, күн сайын жиналатын 6 тонна сүт облыс орталығындағы «МолКом» серіктестігіне жөнелтіледі. Сауыншылар тәулігіне екі мезгіл сиыр сауады.
Жаңа туған төлдерді күтумен айналысатын арнайы мамандар бар бұзауларға жем, судан бөлек, пайдалы дәрумендерді беруде.
Соныммен бірге, серіктестікте жыл сайын колледж студенттері арнайы тәжірибеден өтеді.
Шаруашылықта еңбек ететін мамандар, сауыншылар үшін барлық жағдай жасалған. Өзге өңірлерден келген отбасыларға баспана берілген.
Мысалы, талдықорғандық Өркен Құсайынов серіктестікте дәнекерлеуші, ұста болып жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта шаруашылық көктемгі дала жұмыстарына кіріскен.
Павлодар облысы,
Тереңкөл ауданы