Аймақтар • 15 Мамыр, 2020

Успен ауданының шаруашылықтары шетелдік техникалармен жұмыс жасауда

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Облыс әкімі Әбліқайыр Сқақов Успен ауданының көктемгі егіс науқаны барысымен танысты.

Успен ауданының шаруашылықтары шетелдік техникалармен жұмыс жасауда

Аудандағы «Алдияр» шаруа қожалығы жыл сайын 5  мың гектар жерге бидай, қарақұмық және тары егеді.

 - Былтыр әр гектардың шығымдылығы 10-12 центнерді құрады. 10 мың тоннаға жуық өнімді шаруашылық  қоймасында сақтайды. Жоғары сұрыпты дәндерді егу және егін шаруашылығы мәдениетін ұстану еңбек өнімділігін өсіруге мүмкіндік береді,- дейді шаруа қожалығының басшысы Төлеген Сейітқазинов.

Шаруашылық лизингке сатып алынған Class компаниясының егу кешендері қолданылады. 

Ал «Галицкое» ЖШС басшылығы да Әбілқайыр Сқақовқа егіс науқанының барысы жайында хабардар етті.

Серіктестік басшысы Александр Касициннің сөзінше, фермерлер егіс жұмыстарын ерте бастаған.

Алқаптың  8 мың гектарында егін егілген, тағы 15 мың гектардағы жұмыстар апта соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Сонымен бірге,  шаруашылықта ашылған Тауарлы сүт  фермасы әрқайсысы 500 ірі қара малға арналған екі орынжай және 36 басқа арналған автоматтандырылған сауын бөлімі бар.

Фермадағы 1000 бас сиырды автоматтандырылған жүйе бойынша екі сауыншы сауады.

Жалпы, серіктестік  жұмысында түгелдей шетелдік техникалар қолданылады.

- Соңғы үш жылдың ішінде ірі қара сауын малын 900 ден 2000 басқа дейін өсірдік. Бұдан бөлек 800 бас малды ет алу мақсатында өсірудеміз. Ірі қара санын 7000-ға дейін өсіруді жоспарлап отырмыз, - дейді А. Касицын,

Ал малдың жемшөбі үшін суармалы  алқаптар қажет. Қазір «Галицкое» серіктестігінде 350 гектар алқап суарылуда. Биыл тағы 350 гектар суармалы алқап қосылмақшы.

 

Павлодар облысы