Қазір қалалар мен аудандар арасындағы блок-посттар жұмысын тоқтатты. Өзге өңірлермен шектесетін жолдардағы 4 бекет, Ресеймен шекаралас аудандардағы 5 бекет те әлі алынған жоқ.
Ал Шығыс Қазақстан облысымен шектесетін Май ауданы Ақжар ауылында, Аққулы ауданы Шарбақты ауылында, Ақмола облысымен шектесетін Екібастұз қаласына қарасты Шідерті ауылы, Қарағанды облысымен шектесетін Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылындағы бекеттерде мамандар жолаушылардың дене қызуын тексереді.
Сондай-ақ күшейтілген санитарлық талаптарды ескере отырып, Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа да бағыттар бойынша әуе рейстеріне рұқсат етілді.
Бірақ темір жол және сапаржайларда, ауданаралық, қалааралық бағыттағы автобустар тоқтатылған. Бұл күндері ішіндегі қоғамдық көліктер бағыттарға шығарылған.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, індеттен емделіп шыққандардың саны 82. Эпидемиологиялық жағдай тұрақталған.
Ал, жалпы, облыста COVID-19-ды 154 адам жұқтырған. Оның ішінде 95 адам – Екібастұздан, 58 адам – Павлодардан және 1 адам Ақсу қаласынан тіркелген.
Індеттен жазылғандардың қатарында облыс орталығының 28 тұрғыны, Екібастұздың 53 тұрғыны,ақсулық бір тұрғын бар.
Қазір 69 адам инфекциялық ауруханада емделуде. Облыста 1666 адам медициналық бақылауға алынған, 1375 адам үй карантинінде, 291-і госпитальге жатқызылған.
Қаулыға сәйкес, аумағы 2 мың шаршы метрден асатын ірі сауда орындары жұмыс істемейді. Ойын-сауық орталықтары, түнгі клубтар, фитнес залдар, монша және сауналар, компьютерлік клубтар жабық.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары, екінші деңгейлі банктер, Қазпошта бөлімшелері 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Карантин режимін бұзғандарға шара қолданылады,
Павлодар облысы