Ақтөбе • 16 Мамыр, 2020

Сүт өнімдерін ұлғайту үшін...

1021 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Күнделікті тұтынатын тағамның бірі – сүт. Әйтсе де дүкен сөрелерінде бұл бағыттағы отандық өнім түрлері жиі кездесе бермейді. Мұның өзі өзара бәсекелестікте ресейлік, беларуссиялық және украиналық тауар өндірушілерге есемізді жіберіп жүргеніміздің белгісі болып жүрмесін. Қалай дегенде де бүгінгі күні отандық сүт өнімдерінің бәсекеге қабылеттілік деңгейін көтеру ісі өткір күйде тұрғаны жасырын емес.

Сүт өнімдерін ұлғайту үшін...

Осы орайда облыста сүт өнімдерінің көлемін көтеру және кластерін құру үшін 2014-2019 жылдарда «Ырыс» бағдарламасы шеңберінде жалпы саны 650 басқа арналған он тауарлы сүт фермасын құру көзделгенді. Алға қойылған мақсат ойдағыдай жүзеге асты. Аталған уақыттың аралығында 875 басқа арналған 12 ферма құрылып, бұл жөнінде белгіленген меже 13,6 пайызға асыра орындалды.

-Бүгінгі күні аталған бағдарлама бойынша қаржы институттарымен бірлесе отырып «Нан», «Береке», «Есбол» секілді шаруа қожалықтарының жанынан тауарлы сүт фермаларын құру ісі қолға алынды. Сонымен бірге Мәртөк ауданындағы Милкер ЖШС-да сүт өнімдерін өндіруге қатысты бірнеше кезең бойынша жүргізілген жобалар жасақталды. Өйткені мұндағы инвестор өзінің басты қызметін сүтті мал шаруашылығын жолға қоюға бағыттаған болатын, - деді бұл жөнінде газет тілшісіне Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбай.

Тауарлы сүт фермаларын құру ісі құнарлы әрі жұғымды мал азығы кешенін жасақтау ісімен бір мезгілде жүргізілмесе, әншейін құр бос сөз күйінде қалып қоятыны анық. Бұл жөнінде 1780 гектар суармалы жер игерілді. Бұған қоса биылғы жылы облыста құарама жем зауыты мен тағы ір тауарлы сүт фермасы құрылысын бастау жоспарланған. Қазіргі күні бұған бөлінген инвестиция көлемі 2 млр 300 миллион теңге көлемінде болып отыр.

Өңірде сүт өнімдерін өңдеп бұдан әзір өнімдер шығару ісінде «Айс» тауарлы сүт фермасының бәсі биік тұр. 1100 сауын сиырға арналған іргелі кәсіпорындағы заманауи құрал-жабдықтар әлемдік стандарттарға толықтай сәйкес келеді. Аталған жобаның жылдық қуаты жылына 12 мың тонна сүт өнімдерін өндіруге лайықталған.

 

АҚТӨБЕ облысы