Осыған орай Ресейдегі АҚШ елшілігі Булгаковтың «Мастер мен Маргарита» романынан орыс тілінде үзінді оқыды. Екі минуттық видеоролик елшіліктің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
Булгаковтың өмірінің соңына дейін жазған бұл романы автор дүниеден өткен соң ширек ғасырдан кейін ғана басылып шыққан еді. Және бірден ағылшын тіліне аударылған. Бұған қоса «Мастер мен Маргаританы» алғаш оқығандардың қатарында жапондар да бар. Роман 1969 жылы Юко Ясуидің аудармасымен жапондарға жол тартқан болатын. Ал әдебиетшілердің пікірінше, шығарманың ең алғашқы аудармасы 1967 жылы итальяндық аудармашы Вера Дридзоның қаламымен жасалған.