Таяуда әлеуметтік желілердің бірінен БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі таратқан жарнамаға көзіміз түсті. Жер-жаһанның басын құраған ұйымның Қазақстандағы миссиясы бірнеше қызметкер іздепті. Журналистік әуестікпен сілтемені ашып, хабарландыруды оқып шыққан едік. Үміткерге қойылған талаптардың бірі ойландырып тастады.

Мүйізі қарағайдай ұйымның Қазақстандағы өкілдігіне жұмысқа кіру үшін үміткер ағылшын және орыс тілдерін білуі міндетті екен. Ал қазақ тілін білетіндерге сәл ғана басымдық берілетін көрінеді. Яғни қазақша білмесең де БҰҰ-ның еліміздегі өкілдігіне жұмысқа тұра аласың. Ал орысша сөйлей алмасаң, беделді ұйымның іргесіне жақындау қиын.
Жоғарыда атап өткен хабарламаны қандай да бір шетелдік жеке компания таратса түсінер едік. Өйткені «қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса». Алайда БҰҰ – бүкіл әлемге ортақ ұйым. Іргелі ұйымның жарғысында тайға таңба басқандай көрсетілген. Бұл сөзімізді «Біз, Біріккен Ұлттар Ұйымының халқы ретінде...» деп басталатын преамбула айғақтайды.
Бәлкім, орыс тілі – БҰҰ-ның ресми тілдерінің бірі екенін алға тартып, ақталатындар табылар. Бірақ салыстырып қарасақ, бұған дейін КСРО құрамында болған бірқатар мемлекетте жергілікті халықтың ана тіліне басымдық берілген. Мәселен, БҰҰ-ның Грузиядағы өкілдігіне жұмысқа тұру үшін ағылшын және грузин тілін білу міндетті. Алда-жалда үміткер орыс тілін білсе, «нұр үстіне нұр».
Қазақстан халқының көп бөлігі орысша түсінеді деген аргумент те бүгінде өзекті емес. Біріншіден, тоғызыншы территорияны мекендеген тұрғындардың 12 миллионы, яғни 70 пайызға жуығы қазақ этносына тиесілі. Жылдан-жылға «қарға тамғалы қазақтардың» саны көбеймесе, азайып жатқан жоқ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қазақстан халқына Жолдауында тілге қатысты мәселеге ерекше тоқталып, «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін», деп мәлімдегенін ұмытқанымыз жоқ.
Басқа-басқа талай жыл шетелдерде дипломат ретінде қызмет еткен, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары лауазымын абыроймен атқарған Қ.Тоқаев тіл мәселесін жақсы түсінеді. Бес тілді меңгерген полиглот Президенттің қазақ тілінің мәртебесі туралы сөз қозғауы да сондықтан. Бұл біріншіден.
Екіншіден, әлеуметтік қоғам да, бизнес те мемлекеттік тілге басымдық бере бастады. Мәселен, халықтың жаппай қазақылана бастағанын, бизнестің тілі қазақшаға ауа бастағанын «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жақсы түсінді. Сондықтан «Атамекеннің» төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев бастамашы болып, қазақ тілін іскерлік қарым-қатынас тілі ретінде қалыптастырып, дамытуға екпін берілгеніне бірнеше жыл толды.
Осыларды ескере келе, жоғарыда айтылған БҰҰ-ның хабарламасында үміткерге қойылған талапта ағылшын, қазақ тілдерін білу міндетті деп көрсетілсе түсінер едік. Тіпті үш тілді міндеттесе де қапаланбас едік.
Дегенмен, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне алаңдап келген БҰҰ өкілдігі сол елдің мемлекеттік тілін меңгермей, олармен қалай байланыс орнатуды жоспарлағаны түсініксіз. Әйтпесе, халықаралық ұйымның Қазақстандағы өкілдігіне жұмысқа тұру үшін қойылатын басты талаптың бірі – қазақ тілін жетік меңгеру болуы тиіс еді.
Осындайда Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы президенті, адам құқығы үшін күрескерлерінің көшін бастайтын, Нобель сыйлығының лауреаты Нелсон Манделаның мына сөзі ойға оралады: «Егер адамға түсінетін тілінде сөйлесең, сөзің оның басына жетеді. Егер оның ана тілінде сөйлесең, жүрегіне жетеді». Ол Time журналының редакторы Ричард Стенгелге берген сұхбатында да бұл мәселеге айналып соғыпты. «Егер ағылшын тілінде сөйлесең көп адам түсінеді. Арасында африкалықтар да бар. Ал егер африка тілінде сөйлесең, олардың тікелей жүрегіне жол табасың», дейді ол.
Англиялық жазушы, ағылшын сөздігінің атасы саналатын Сэмюэл Джонсон «Тіл – халықтың түп-тамыры» дейді. Сэм мырзаның есімі XVIII ғасырда «Тұманды Альбионның» синониміне айналды. С.Джонсонның ағылшын тіліне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Сөз қадірін білетін Сэм мырза халықпен қатынастағы басты құрал тіл деп дөп басқаны да сондықтан.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында да мемлекеттік тілге қатысты пікірін білдірді. «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде», деген Президент тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал екенін ерекше атап өтті.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, қазақ тілі бүгінде Қазақстан халқының ғана емес, тоғызыншы территориядағы халықаралық дипломатиялық миссияның да қатынас тіліне айналуы тиіс. Яғни қазақ тілін мемлекеттік тіл тұрғысында ұлықтайтын болса, Қазақ елінде қызмет етіп жатқан халықаралық ұйымдардың да, елшіліктердің де беделі биік болатыны сөзсіз.
P.S.: Таяуда Парламент Сенаты мамандандырылған мекемелердің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы Конвенцияны ратификациялады. Аталған құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағындағы БҰҰ мекемелерінің активтері, кірістері және басқа да меншігі барлық тікелей салықтан босатылады. Осындай жеңілдіктерге ие болған іргелі ұйым қазақ тілінде сөйлейтін халықтың құқығын ескеріп, енді Абайдың ана тіліне басымдық береді деп үміттенеміз.
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Бүгін, 22:30
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 21:30
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Бүгін, 21:25
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 20:30
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 20:06
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Бүгін, 19:35
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 18:20
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар