Коронавирус салдарынан тоқыраған Қытай экономикасы қайта қалпына келіп, АҚШ жолдарында көліктер көбейген соң жанармай тұтыну көлемі артып келеді. Оған қоса мұнай бағасының өсуі де бірқатар үміт сыйлап отыр. Пандемиядан қатты зардап шеккен экономика бірте-бірте аяққа тұра бастады.

Дэвид ХОДАРИ,
Wall Street Journal
АҚШ мұнайы фьючерлерінің маусымдағы мұнай бағасы 20 пайызға өсіп, 24,56 долларға жетпек. Қазіргі кезеңдегі келісімшарт бағасы екі есе ұлғайды.
Бұған дейін Солтүстік Америка мұнай қорын сақтайтын қамбалардың толуынан туған дағдарыс осылайша жойыла бастады. Биыл 20 сәуірде тарихта алғаш рет мұнай бағасы нөлден түсіп кетті. Бұл мұнай өндірушілердің сатып алушыларға ақы төлегенін білдіреді.
Халықаралық энергетика нарығы бағаланатын Brent маркалы мұнайы 14 пайызға ұлғайып, барреліне 30,97 долларға жетті.
АҚШ пен Еуропаның бірқатар бөлігінде шектеулер алынып, Қытай қалыпты өмірге оралғандықтан, бензин мен дизельді отын секілді тауарларға сұраныс артып келеді. Осы орайда мұнай өндіру көлемі кеміді.
Биылғы 1 мамырда ОПЕК елдері мен «Үлкен жиырмалыққа» кіретін мемлекеттер өндіріс көлемін азайту жөніндегі келісім күшіне енді. Бағаның құлдырауы АҚШ, Норвегия және басқа да елдердің өндірісті азайтуға итермеледі.
ОПЕК және оның серіктестері күнделікті шығарылатын мұнай көлемін 9,7 миллион баррельге, яғни 13 пайызға азайтты. Morgan Stanley инвестициялық банктің стратегиялық сарапшысы Мартейн Рэтстің сөзіне сүйенсек, басқа мемлекеттер өндірісті 3,4 миллион баррельге төмендетті.
Мұнай нарығы дағдарыстан өткенін білдіретін басқа да белгілер бар. Американың шикі мұнайы мен мұнай баррелінің құны арасындағы баға өзгерді.
Сарапшылардың пайымдауынша, инвесторлар әлі де ойлана әрекет етпек. Рэтстің сөзіне сенсек, Үндістан, Жапония және Сауд Арабиясы әлі де көлік қозғалысын шектеп отыр. Бұл да мұнай бағасына әсер етеді.
Бірақ көптеген мұнай қорлары мұнай фьючерлерімен саудаласуды уақытша тоқтатты. Бұл шикі мұнай бағасын одан әрі құбылмалы ете түседі. Оның үстіне 20 мамырда бұған дейінгі сатылған фьючерлерінің мерзімі аяқталады. Өткен аптада америкалық мұнайдың фьючері 26,49 долларға жетті. Сондай-ақ мұнайды сақтау мәселесі де толыққанды шешілген жоқ.
«WTI маркалы мұнайды сақтау мәселесі әлі бар. Алдағы бірнеше апта көлемінде бұл түйткіл шиеленісе түспек», дейді Кэролайн Бэйн. Ол шикізат өндірушілерге консалтингтік қызмет көрсететін Capital Economics компаниясының экономисі.
Дайындаған
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Egemen Qazaqstan»
Қоғам • Бүгін, 08:05
Қоғам • Бүгін, 08:04
Руханият • Бүгін, 08:02
Аймақтар • Бүгін, 08:01
Озық қоғам құруда орны айрықша қыздар
Қоғам • Бүгін, 07:57
Руханият • Бүгін, 07:54
Руханият • Бүгін, 07:51
Қазақ сөзінің барынша дұрыс таңбалануына мүдделіміз
Қоғам • Бүгін, 07:50
Жазуымыз да, дыбысымыз да қазақтықпен көмкеріледі
Руханият • Бүгін, 07:48
Руханият • Бүгін, 07:46
Ғылымды дамытуға соны серпін беріледі
Парламент • Бүгін, 07:45
Аймақтар • Бүгін, 07:44
Құрқылтайдың ұясы немесе ізгілік иесі
Қоғам • Бүгін, 07:43
Өсімдік әлеміне өмірін арнаған жан
Қоғам • Бүгін, 07:42
Руханият • Бүгін, 07:41
Өзгерістер дәуірінде өмір сүру қуанышы
Руханият • Бүгін, 07:40
Руханият • Бүгін, 07:38
«Ел боламын десең, демографияңды түзе!»
Қоғам • Бүгін, 07:34
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Кеше
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар