Аймақтар • 19 Мамыр, 2020

Павлодарда кезекте тұрған 2207 тұрғынға пәтер берілмек

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ал жалпы өңір бойынша 27 мыңға жуық адам тұрғын үйден пәтер алу кезегінде тұр.

Павлодарда кезекте тұрған 2207 тұрғынға пәтер берілмек

Облыстық әкімдікке  облыс әкімі  Әбілқайыр Сқақов тарапынан жүктелген міндет-тұрғындардың баспана мәселесін барынша қысқа мерзімде орындау қажет.

Биыл облыс  орталығында кезекте тұрған 2207 тұрғынға пәтер беріледі деп жоспарлануда. Былтыр кезек тек 213 адамға жылжыған екен.

- Осы жылы облыста 346 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарда бар. Нәтижесінде 4469 павлодарлық қоныс тойын тойлайды. Өткен жылмен салыстырғанда 14 мың шаршы метрге артық баспана бой көтеріп, былтырғыдан үш есе көп адам пәтер алады,-деді облыс әкімі  БАҚ өкілдерімен кездесуінде.

Сонымен бірге, өңір тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасаудың тағы бір негізі- көшелерді, жолдарды жөндеу.

Бүгінде облыстағы жолдардың 85 пайызы жақсы деңгейде. 2025 жылы бұл көрсеткіш толық орындалмақ.

Ал облыс  орталығында жалпы ұзындығы 50 шақырым болатын 60 көше асфальтталады. Биыл облыс бойынша барлығы 180 шақырым жолға асфальт төселеді.

- Облыс орталығында, Екібастұз бен Ақсу қалаларында балалардың 187 ойын алаңын орнататын болдық,-деді Ә.Сқақов. Сондай-ақ 255 алаң абаттандырылып, тұрғындардың спортпен шұғылдануына мүмкіндіктер қарастырылмақ. Әр аулада 30-ға жуық ағаш отырғызылады.

 

Павлодар облысы