Қазақстан • 20 Мамыр, 2020

Биыл І тоқсанда әуе көлігімен 1,6 млн жолаушы тасымалданды

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Статистика комитетінің деректері бойынша 2020 жылдың І тоқсанында тасымалданған жолаушылар саны 1 млн 687 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2% көп (2019 жылы – 1 млн 604 мың адам), деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Биыл І тоқсанда әуе көлігімен 1,6 млн жолаушы тасымалданды

Ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында Қазақстанда тасымалданған жолаушылар саны 70% қысқарды. Өйткені, 1-сәуірден бастап Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның тапсырмасын орындау шеңберінде қазірге дейін 97 халықаралық бағыт бойынша аптасына 440 рейс немесе барлық халықаралық ұшулардың 99% қысқартылды.

Биыл 1-сәуірден 1-мамырға дейін барлық тұрақты ішкі рейстер де тоқтатылды.

Сонымен қатар Статистика комитетінің мәліметінше «Тасымалданған жүктер, багаж, жүк-багаж» көрсеткіші 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында 5,47 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылғы қаңтар-наурыз айларындағы көрсеткіштен 8,3% аз. Жүктердің бір бөлігі жолаушылар әуе рейстерінің жүк бөліктерінде тасымалданатындықтан, бұл көрсеткіштің төмендеуіне ел аумағында коронавирус пандемиясының таралуын азайту үшін әуе компаниялары қызметін жүзеге асыруға енгізілген шектеулер негізгі себеп болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қорытындысы бойынша әуе көлігімен жүретін 17,7 млн. жолаушыға қызмет көрсетілген еді.