Сауд Арабиясы экономикасын қайта қалпына келтіру мақсатында қосымша құн салығын үш есе өсіруге ниетті. Сондай-ақ ай сайынғы жәрдемақы да келесі айдан бастап берілмейді.

Эр-Рияд билігінің мұндай қадамға баруына коронавирус пандемиясы мен мұнай бағасының құлдырауы себеп болып отыр. Екі оқиғаның салдарынан ел экономикасы әжептәуір зиян шегіп, мемлекеттің табысы 22 пайызға азайған.
Жоспар бойынша, қосымша құн салығы 1 шілдеден бастап 15 пайызға дейін өседі. Ал ай сайынғы жәрдемақы 1 маусымнан бастап берілмейді. Бұдан бөлек елдегі ауқымды нысандардың құрылысы мен үлкен жобалар уақытша тоқтатылды.
Saudi Aramco мемлекеттік мұнай компаниясының алғашқы тоқсандағы табысы 25 пайызға азайған. Мұның бәрі елдегі шығын көлемін азайтып, мұнай бағасының арзандауына бейімделудің қажеттілігін көрсетеді. Яғни қазіргі таңда ел экономикасы ауыр жағдайға тап келгенін болжау қиын емес.
Кейінгі жылдары болған бірқатар оқиға Сауд Арабиясының саяси салмағына да, экономикалық әлеуетіне де сызат түсіріп үлгерді. Атап айтсақ, корольдік әлі күнге дейін Иранмен татуласқан емес. Соның салдарынан ара-тұра түрлі деңгейдегі қақтығыс орын алады. Былтыр Тегеран билігі Сауд Арабиясының бірқатар мұнай кеніштерін зымыранмен атқылады. Бұдан бөлек биылғы қаңтарда Иран генералы Касем Сулейманидің өліміне Эр-Риядтың қатысы бар деген әңгіме тарады. «Жығылғанға жұдырық» дегендей, Пентагон Араб түбегінің аспанын қорғауға берген «Патриот» зенитті зымыран кешенін қайтарып алды. Оған қоса түрлі террористік ұйымдардан келетін қауіп те толыққанды сейіле қойған жоқ.
Аталған түйткілдердің салдарынан Сауд Арабиясы бірқатар қиындыққа тап келді. Біріншіден, ел экономикасы тоқырауды бастан кешіріп жатыр. Мысалы, алғашқы тоқсанда бюджет тапшылығы 9 миллиард долларды құрады. Тіпті тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның «Көзқарас 2030» бастамасы дер кезінде жүзеге аспай қалуы мүмкін. Осы жоба аясында қалың құмның арасына құны 500 миллиард долларлық NEOM деп аталатын заманауи қала салынуы тиіс еді. Бірақ коронавирус пандемиясы мен мұнай бағасының құлдырауы оған мүмкіндік бермейтін секілді. Әзірге ел билігі «Көзқарас 2030» туралы тіс жармай отыр, бірақ сарапшылар оның кейінге шегерілуі уақыт еншісіндегі шаруа деп есептейді.
Екіншіден, Сауд Арабиясы халықаралық аренада мысқалдап жинаған абыройынан батпандап айырылып жатыр. Әсіресе екі жыл бұрын журналист Жамал Хашоггидің арнайы тапсырыспен өлтірілуі ел беделіне едәуір нұқсан келтірді. Рас, Эр-Рияд билігі бірнеше адамды кінәлі деп тауып, жазалаған. Әйтсе де, адам құқығын қорғайтын ұйымдар мен БҰҰ-ның арнайы жұмыс тобы корольдің отбасын кінәлады.
Йемендегі азаматтық соғыс та абырой әперген жоқ. 2015 жылы басталған қақтығысқа Эр-Рияд әрдайым араласып отырды. Сауд Арабиясының әскери ұшақтары бомбалаған нысандарда қарапайым тұрғындар қаза тауып, халықаралық қоғамдастық тарапынан сынға ұшырады.
Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның негізгі одақтасы саналатын. Алайда биыл МБС мұнай өндірісін күрт арттырып, «қара алтын» құнының құлдырауына себеп болғандықтан екеуінің де қитығына тиген сыңайлы.
Үшіншіден, МБС-нің кейінгі жылдары қабылдаған шешімдеріне елдегі кей топтар разы емес. Әсіресе әлеуметтік жеңілдіктер, әйелдерге көлік жүргізу құқығын беру, кинотеатр ашу секілді бастамалар дін ұстанатын элитаға ұнаған жоқ. Дегенмен, дәл қазір ешкім тақ мұрагерінің шешімін айыптай қоймас. Өйткені Мұхаммед бин Салман шексіз билікке ие әрі «артық сөйлегендердің» соңы жақсы аяқталмайтынын бәрі біледі.
Қорыта айтқанда, Сауд Арабиясы бұрын-соңды болмаған саяси әрі экономикалық кезеңде тұр. Халықтың тұрмысы мен елдің халықаралық аренадағы келешегі тақ мұрагері МБС-нің алдағы шешімдеріне тікелей байланысты болмақ.
Электронды сауда-саттық қайтсе дамиды?
Экономика • Кеше
Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша?
Қоғам • Кеше
Пандемия гүл нарығына әсер етті
Қазақстан • Кеше
Қаржы • Кеше
Қостанайлық полицей сыныптасын атып өлтірді
Аймақтар • Кеше
400 мыңнан астам ақмолалық электронды-цифрлық қолтаңба алды
Аймақтар • Кеше
Қаржы • Кеше
Түркістан облысында мереке қарсаңында үшем дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
Алтай Көлгінов әйелдер күні мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Атырауда базарлар мен сауда үйлері күн сайын жұмыс істейді
Аймақтар • Кеше
Низами Ганжәуиге арналған веб-конференция өтеді
Қазақстан • Кеше
Президенттің таңғы серуендегі фотосы жарияланды
Президент • Кеше
Қызылордада Қажымұқан турнирі өтті
Спорт • Кеше
Шымкент қаласының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады
Аймақтар • Кеше
Нұрлан Нығматулин 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Қостанайда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығы ашылады
Аймақтар • Кеше
«Маттео Пеликоне»: Қазақстан үш алтын жеңіп алды
Күрес • Кеше
Мәулен Әшімбаев нәзік жандыларды мерекемен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Елімізде коронавируспен ауырған 238 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда 480 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Асқар Мамин қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады
Президент • Кеше
10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қостанай облысының әкімі 100 жастан асқан әжелерді құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Маңғыстауда стоматологиялық клиникаға шабуыл жасады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай аймақтарында жолдар ашылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жапония халқы Олимпиаданың өтуіне қарсы шеруге шықты
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
АҚШ-та COVID-19-қа қарсы 2,9 миллион вакцина салынды
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда 2000 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті табысталады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қазақстандық шорт-трекшілер әлем чемпионатында жартылай финалға шықты
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорда базарларында жұмыс істейтін әйелдерге еріктілер 600 гүл таратады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Экология министрлігі Қарағандыдағы арыстан жөнінде пікір білдірді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорданың Достық үйінде 8 наурызға орай қайырымдылық акциясы өтті
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • 06 Наурыз, 2021
Қазақстан мен Қырғызстан «Қордай», «Ақ жол» өткізу бекеттерінің ашылуын талқылады
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар