Британ жазушысы Жоан Роулиң жазған «Хәрри Поттер» сериясының екінші кітабы «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме» романы қазақ тіліне аударылып, сатылымға шықты.
Екінші кітапта оқырманға жақсы таныс кейіпкерлер Хәрри, Рон және Хәрмиона Хогуартс сиқыр мектебіндегі әлдебір тылсым «Мұрагердің» оқушыларға жасаған шабуылын зерттейді.
«Хәрри Поттер» сериясын қазақ тіліне аударып жатқан «Steppe & WORLD Publishing» баспасының басшысы Райса Сайранқызы Қадырдің айтуынша, «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме» 5 000 данамен жарық көрген.
«Осы жылдың ақпан айында шыққан серияның бірінші кітабы «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» үлкен сұранысқа ие болды. Кей кітап дүкенінде ең көп сатылған еңбектердің қатарына кірді. Оқырмандар аударма деңгейі, кітап сапасы туралы жақсы пікір білдірді. Бұл бізді керемет қанаттандырды», - дейді ол.
Райса Сайранқызының айтуынша, серияның үшінші кітабы «Хәрри Поттер мен Азкабан тұтқыны» маусым айының соңында жарық көреді. Жыл аяғына дейін төртінші және бесінші кітаптарды шығару жоспарланып отыр.
«Хәрри Поттер мен жасырын бөлме» кітабының жауапты редакторы Назгүл Қожабек еңбекті аудару барысында болған кей қызық жайтты атап өтті.
«Хәрри Поттер» сериясының екінші кітабы «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме» кітабында бірнеше жаңа кейіпкер қосылды. Мәселен, осы кітаптағы оқиғаның «түпқазығы» – алып жылан Basilisk. Орыс тіліндегі нұсқасында Василиск деп алынған. Біз оны Аждаһа дедік. Ежелгі ертегілерді ақтарып, жылан патшасының атауын алуды жөн көрдік. Тағы бір «қиналған» тұсымыз - Том Редлдің атынан «Мен Лорд Волдеморт» деген анаграмма шығару болды. Көпшілік білетіндей, бұл – түрлі тілдерге аудару барысында қатты қиындық тудырған нәрсе, соның салдарынан түпнұсқадағы Tom Marvolo Riddle есімі түрліше құбылып кетті. Біз «Мен Лорд Волдеморт» деген үш сөздегі әріптердің бәрін шығару үшін сәл өзгертуімізге тура келді. Қалай өзгерткенімізді оқырман көре жатар», - деді Назгүл Қожабек.
Кітапты қазақ тіліне тәржімалаған аудармашы Динара Мәзеннің айтуынша, екінші кітаптың атауын белгілеуге ұзақ уақыт кеткен.
«Құпия бөлме», «Жұмбақ бөлме», «Жасырын жай» секілді түрлі нұсқа болды. Соның арасынан тақырыпты жақсы ашады деген келісіммен «Жасырын бөлме» деген атауды таңдадық. Жалпы алғанда, бірінші кітапта көптеген терминдерді нақтылап, бекітіп алғандықтан, екінші кітап тезірек аударылды», - деп атап өтті Динара Мәзен.
«Хәрри Поттер» және оның әлемі туралы еңбектерді қазақ тілінде шығару құқығы «Steppe & WORLD Publishing» баспасына тиесілі. Жоба қандай да бір сыртқы қаржыландырусыз жүзеге асырылып жатыр.
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар