Білім • 22 Мамыр, 2020

«Болашақ» стипендиаты тілдік дайындықтан шетелде өте алмайды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында қабылданған «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидаларына осындай өзгеріс енгізілді. Бұл туралы Білім және ғылым мнистрінің орынбасары Мирас Дәуленов хабарлады.

«Болашақ» стипендиаты тілдік дайындықтан шетелде өте алмайды

«Алдын ала тілдік дайындық ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлерге ғана арналған. Бұл әр аймақтағы үміткерлердің мүмкіндіктерін теңестіру үшін қажет. Сонымен қатар, олар үшін тілдік дайындық тек Қазақстанда ғана өткізіледі. Бұл оқуға жұмсалатын шығындарды азайтуға және академиялық оқуға түсе алмауға байланысты тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, шет тілін меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар артады.

Кезінде тілді меңгеру деңгейіне қойылатын талапты төмендету стипендиядан айырылған болашақтықтар санының артуына алып келді.
Мәселен, егер 2005 жылы 7 адам стипендиядан айырылса, 2014 жылы – 58 адам айырылған. Бұл көрсеткіштер академиялық оқуға орналастырылмаған стипендиаттар санының жыл сайын артуын айқын көрсетеді. Бұл ретте, тіл деңгейінің төмен болуына байланысты академиялық оқуға әлі күнге дейін 30 адам орналастырылмаған», деді вице-министр