01 Қазан, 2013

Байланыстарды тереңдетуге кезекті нық қадам

1532 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Испания Корольдігі Үкіметінің Төрағасы Мариано Рахоймен кездесті.

Кездесу барысындағы келіс­сөздерде тараптар Қазақстан мен Испанияның стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Эко­но­мика, инвестиция, көлік, өнер­кә­сіп, энергетика, мәдениет са­ла­ларындағы және басқа да бағыт­тардағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Н.Назарбаев Қа­зақстан өз тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен-ақ Ис­па­ниямен қарым-қатынасты ны­ғайтып келе жатқанын атап өтті.

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Испания Корольдігі Үкіметінің Төрағасы Мариано Рахоймен кездесті.

Кездесу барысындағы келіс­сөздерде тараптар Қазақстан мен Испанияның стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Эко­но­мика, инвестиция, көлік, өнер­кә­сіп, энергетика, мәдениет са­ла­ларындағы және басқа да бағыт­тардағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Н.Назарбаев Қа­зақстан өз тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен-ақ Ис­па­ниямен қарым-қатынасты ны­ғайтып келе жатқанын атап өтті.

Біз Испания Корольдігінің ықыласы мен қолдауын ұдайы сезініп келеміз. Қазақстанға сапармен келген Испанияның бұрынғы премьер-министрлерімен достық қарым-қатынаста болдық, деді Н.Назарбаев кездесуде. Сіз­дердің елдеріңіз ЭСКПО-2017 бү­кіләлемдік көрмесін өткізуге арналған конкурста біздің өті­нішімізге қолдау көрсетті. Со­ны­мен бірге, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы туралы шешімнің Мадридте қабылданғанының нышандық мәні зор. Қазіргі уақытта елдеріміз арасында стратегиялық серіктестік жөніндегі келісім бар.

Бұдан кейін Қазақстан Пре­зиденті екі ел арасындағы эко­номикалық байланыстарға тоқ­тал­ды. Елбасы атап өткендей, бүгінде біздің елімізде Испанияның ірі компаниялары табысты жұмыс істеуде. 70-тен астам бірлескен кәсіпорын құрылған. Біз қазіргі Үкімет қызметінің арқасында Ис­панияның экономикалық дамуы қалпына келе бастағанын және орнықты деңгейге жеткенін көріп отырмыз, деді Н.Назарбаев.

М.Рахой алдымен елімізге сапармен келіп қайтуға шақырғаны үшін Қазақстан басшысына алғыс айтты. Испания мен Қазақстан бұрыннан өте жақсы қарым-қатынаста, деді одан соң Испания Премьер-министрі. Сәл кейінірек мен Сізге аса мәртебелі Испания Королінің өз қолымен жазған хатын тапсыратын боламын. Сіздің өткен жылы Мадридке жасаған сапарыңыз есімде. Біздің компанияларымыз Қазақстанда, шын мәнінде, өте табысты жұмыс істеуде. Бірлескен қызметке атсалысу ниетіндегі Испания кәсіпорындары өкілдерінің қалың тобы менімен бірге келді.

Испания Корольдігі Үкіметі­нің басшысы бұдан кейін өз ел­деріндегі экономикалық жағ­дайдан хабардар етті. Егер Еуропа мен Испаниядағы экономикалық ахуал туралы айтсақ, деді ол осы жөнінде, мен Үкімет басына келген уақыттан бері біздің елде алғаш рет оң нәтижелер көріне бастады. Үшінші тоқсанда ел экономикасында сәл өсім болмақ. Жұмыссыздыққа қатысты мәліметтер бұрынғыға қарағанда биыл жақсы. Дегенмен, бұл келесі жылы ахуал тіпті жақсы болады деп қуануға себеп емес. Біз бүгінде де, алдағы уақытта да реформаларды ауқымды түрде жүргізуді жалғастыра беретін боламыз.

Қазақстан-Испания келіссөз­дері кезінде Н.Назарбаев М.Ра­хой­ға екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінде болған 152 испан­дық азаматқа қатысты Мемле­кеттік мұрағаттан алынған құжат­тардың көшірмесін табыс етті.

Испания Пре­­мь­ер-Ми­нис­трінің Қазақ­станға жасаған бұл ресми сапары Қазақстан – Испания арасындағы стратегиялық серік­тестікті әрі қарай тереңдету үшін ерекше маңызды. Бұл жерде өзара сауда-экономикалық және инвестиция мәселелері негізгі басымдық болып табылады. Егер екі мемлекеттің екіжақты сауда айналымына назар аударатын болсақ, өткен жылы ол 996 миллион АҚШ долларын құраған. Ал осы жылдың бірінші жартысында бұл көрсеткіш 2,4 есеге өсіп, 1,03 миллиард АҚШ долларына жетіп отыр. Жалпы, Испанияда көлік және көлік инфрақұрылымы, жаңартылатын энергетика, өнеркәсіп, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, басқа да салалар қатты дамыған. Сондықтан да бұл ел аталған салалар бойынша әлемде көшбасшы ретінде танымал.

Табысты жүргізілген келіссөздердің қорытындысында Н.Назарбаев пен М.Рахойдың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Испания Корольдігі Мемлекеттік басқару ұлттық институты арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пен «Патентес Тальго С.Л» арасындағы Қала маңы пойыздары өндірісін ұйымдастыру жобасы жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Құжаттарға қол қойылған соң, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Испания Корольдігі Үкіметінің Төрағасы Мариано Рахой келіссөздер қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде келіссөздердің өте нәтижелі болғанын атап өтті.

Біз Испания Үкіметі Төрағасының сапарын Қазақстан-Испания қарым-қатынастарының қарқынды дамуының белгісі ретінде қарастырамыз. Олар негізгі іргетасы 2009 жылы қол қойылған Стратегиялық серіктестік туралы шарт болып табылатын берік құқықтық арқауға құрылған, деді Қазақстан басшысы. Кездесу барысында біз Қазақстан мен Испания арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту мүмкіндіктерін талқыладық. Сауда-экономикалық қарым-қатынастар мен инвестициялық ынтымақтастық әлеуетін кеңейте түсу қажеттігіне бөлек назар аударылды. Қазақстан аумағында озық өндіріс құруға және жаңа технологияға көшуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру біз үшін ерекше маңызға ие. Көлік және көліктік инфрақұрылымдар, өнеркәсіп, жаңартылатын энергетика салаларындағы өзара іс-қимылдың зор келешегі бар.

Қазақстан Президенті М.Рахойдың Қазақстан Премьер-Министрімен келіссөздерінің қорытындысы бойынша екі елдің компаниялары арасында бірқатар маңызды келісімшарттарға қол қойылатынын да атап өтті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Испанияның қуатты экономикасы бар екеніне, оның Еуропада төртінші орын алатынына тоқталды.

Дағдарыстар әлемдік экономи­ка­дағы қалыпты құбылыс болып са­налады – олар келеді және кетеді. Алай­да дамыған елдер мұндай жағым­сыз кезеңдерді еңсеріп, қуатты эко­но­микалық әлеуетін сақтап қалады. Испаниядағы жұмыссыздық деңгейі­нің жоғары болуы – бүкіл әлем, со­ның ішінде Қазақстан зардабын тар­тып отырған жаһандық қаржы-эко­номикалық дағдарыстың салдары. Қазіргі уақытта Еуропа экономикасында оң қарқын байқалуда, еуро-валютаға қатысты жағымсыз болжам расталған жоқ. Өз кезегінде Испания эко­номикасында да сауығудың бел­гілері көрініс табуда. Біз қол қойған келісімдер сауда-экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге бағытталған және біздің өзара тиімді ынтымақтастықтың болашағына сеніммен қарайтынымыздың дәлелі, деді Қазақстан Президенті.

Елбасы кездесуде халықаралық саясаттың мейлінше өзекті тақырып­та­ры талқыланғанын да атап өтті. Біз Сирия мен Таяу Шығыстағы ахуалды, Иранның ядролық проблемасын, Ауғанстаннан 2014 жылы ха­лықаралық коалиция күштерінің шығарылуы контексіндегі осы елдің жағ­дайын қарастырдық. Халықаралық саясаттың осындай өткір проблемалары жөніндегі екі елдің ұстанымы ұқсас екенін қанағаттанушылық сезіммен атап өтпекпін. Көпжақты дипломатия саласындағы, ең алдымен, БҰҰ аясындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды, деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы географиялық жағынан қашық жатқанына қарамастан, Қазақстан мен Испанияны адамдар тағдыры да байланыстыратынын атады. Бүгін осы байланыстарды нығайтуға тағы бір қадам жасалды. Мен Рахой мырзаға Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде Қарағанды лагерінде болған әскери тұтқындар мен бас еркінен айырылған 152 испандық азаматтың мұрағаттық материалын бердім. Ол құжаттар Испанияның кейбір азаматтарына өз туыстары мен жақындарының тағдыры туралы білуіне мүмкіндік береді деп сенемін, деді Қазақстан Президенті.

Н.Назарбаев келіссөздер кезінде мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланғанына да тоқталып өтті. Атап айтқанда, екі елдің мәдениет мекемелері арасында тәжірибе алмасу және оқу орындарында студенттерді өзара оқыту мүмкіндіктері қаралды. Мемлекет басшысы М.Рахойдың сапары саяси, сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға жаңаша серпін беретініне, екі ел халқын жақындата түсетініне сенімін білдірді.

Ал Испания Үкіметінің Төрағасы бұл оның Қазақстанға алғашқы сапары және Нұрсұлтан Назарбаевпен үшінші кездесуі екенін атап өтіп, Астанаға келіп қайтуға шақырғаны үшін алғыс білдірді. Қазақстан – даму әлеуеті орасан, сыртқы саясаты үйлесім тапқан, халықаралық аренада жақсы аты бар ел. Ол – Еуропалық Одақ үшін өте маңызды серіктес және Орталық Азия өңірінде көшбасшы. Сіздердің елдеріңіз өңірдегі тұрақтылық пен даму факторы көздерінің қызметін атқарады. Испания сіздердің сындарлы және ашық сыртқы саясаттарыңызды бағалай біледі және біз елдеріңіздің халықаралық беделін нығайтуға көмек көрсетуге дайынбыз, деді Испания Премьер-министрі.

М.Рахой қазіргі әлемде «жасыл экономиканы» дамытудың маңыздылығына тоқтала келіп, «Жасыл көпір» серіктестігі бағдарламасы жөніндегі халықаралық конференцияға қатысуға мүмкіндік жасалғаны үшін ризашылығын білдірді.

Бұл бағытта Қазақстандағы даму жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Сон­дай-ақ, сіздердің елдеріңізде жаңар­тылатын энергияны дамытуға зор мән берілуде. Осы орайда, негізгі тақырыбы болашақтың энергиясы болып табылатын ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесін өткізу – бұл бағыттағы маңызды қадам. Біз оны өткізуде сәттілік тілейміз. Біздің елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастар стратегиялық мәнге ие және біз ынтымақтастықтың жоғары қарқынын одан әрі нығайтуды қа­лай­мыз. Бірқатар келісімдерді қабылдау және шарттарға қол қою екі ел арасын­дағы гуманитарлық, көлік және әскери-техникалық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылды жандандыруға септігін тигізеді деп сенемін, деді Испания Үкіметінің Төрағасы.

Брифингте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Испания Корольдігі Үкіметінің Төрағасы Мариано Рахой қазақстандық және испандық журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарды.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар