Өзінің географиялық орналасуымен, жерасты байлықтарымен Одақтың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық түрлі шарпуларынан шеткері қалмай, үнемі мыңдаған көздердің өткір сұғы қадалып, миллиондаған қарудың ұңғысының ұшымен көзделе қадағаланған Маңғыстаудың маңдайына қиындықтың қайнаған ордасы болу жазылғандай. Төсінен әскердің ат тұяғының табы мен тасыры кетпей, зеңбіректің сұсы мен оқ-дәрінің иісі сіңіп, қан мен тердің дәмі дарыған даланың әр тасы мен әр түп жусаны зарлы тарихқа тұнып тұр.

Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
Қазақ тарихының қанды беттері
Маң даланы еркін жайлаған қазақ үшін ел өміріндегі, басқару ісіндегі мың құбылған тосын өзгерістер, Кеңес өкіметінің белден басқан міндет жүктемелері мен шектен шыққан зорлық-зомбылығы жергілікті халықты «әрі итеріп, бері жықты» дегендей ешнәрсені түсініп болмайтын алмағайып кезеңге тап қылды. Ұжымдастырудың лаңы, отырықшыландырудың ойраны, тәркілеудің тәлкегі мен кәмпескенің қорлығы онсыз да еңсені езіп қара жерге қадап жіберердей болып тұрған салықтың салмағын арттырып, шыдамды ширықтыра түскен болатын.
«Жығылғанға жұдырық» демекші, сол жылдары өлкенің қытымыр табиғаты да қырын қарап, араға екі-үш жыл салып айнала соққан «жеті ағайынды жұт» халықтың күнін бір уыс етіп бүрістіріп, тынысын тарылтып, адымын аштырмады. 1879-1880 жылдары «Үлкен қоян», 1890-1891 жылы «Ор қоян», 1904-1905 жылы «Ақ жылқы» жұтында, 1910 жылы «Ит жылында», 1918 жылы «Жылан жылында», 1921 жылы «Мешінде», 1924 жылы «Доңызда» малының жартысынан астамынан айырылған маңғыстаулықтар есін жиып, етек-жеңін қымтауға үлгермей 1927-1928 жылдары «Ақ қоян» жұтына ұрынды. Деректер Маңғыстауда 1905 жылы 92 170 бас жылқы, 80 403 бас түйе, 1370 сиыр, 1 млн 378 037 қой мен ешкі болғанын айтады. Арада шамамен 25 жыл өткенде елдегі саяси-экономикалық жағдай мен бірінен соң бірі өткен бес бірдей жұттың салдарынан маң даланы қаптай жайылған осы малдан небәрі 20%-ы ғана қалған екен. Әсіресе «Ақ қоянның» ойраны оңай соқпай Маңғыстау халқы табиғат тауқыметінен бар малының 80-90%-ын жоғалтады. Жердің жұтаң болуы, азық-түліктің болмауы «тігерге тұяқ қалмады» деуге болатындай дәрежеде мал біткенді топалаң келгендей қырып салады. Осы кездерде-ақ Маңғыстауда мал түгілі адамдардың аштан өлу деректері орын ала бастайды. Бірақ адам тағдырына бас ауыртпаған үкімет «Жау жағадан алғанда етектен тартқан бөрі» рөлінде тұрғындарға салық төлеу талабын күшейтеді және салықты жұттан бұрынғы мал санына есептейді. Тіпті бірнеше жылдың салығын тек ақшалай, малдай емес, астық, жүн бұйымдары түрінде де өтеуді тапсырады. Малды да, адамды да аштық құрсаулаған ахуалға қарамай тек салықты өндіріп алуды ғана көксеген тоғышарлықтың түбі әйгілі «Адай көтерілісіне», халықтың жаппай ашығуына – ашаршылық зұлматына әкеліп тіреді.
Маңғыстаудағы аштық туралы әңгімелер – қазақтың барлық өңіріндегі жан ауыртар жазбаларға ұқсас – тентіреген алба-жұлба пенделер, бытыраған әулет, құм аралап құмаршық қазып, тышқан аулап, тері кеміріп, тамыр сорған тоз-тоз қазақ... «Балапан басына, тұрымтай тұсына» бытырап, аштықтан баласын көтеріп жүруге дәрмені жетпегендіктен еңіреп жүріп сәбиін айдалаға қалдырған ана, бала-шағаға нәпақа іздеймін деп жүріп жазықсыз оққа ұшқан әке, көмусіз қалған көпшілік, бір-бірінен мәңгілікке көз жазып, өлі-тірісін біле алмаған жан бауырлар, шетел асып көкірегі шерге толған шарасыз жұрт... Бұл қазақ тарихының – ең қанды беттері!
Ашаршылық құрбандарына неге ескерткіш жоқ?
Аштан өлу... Тұтас халықтың жартысына жуығы жаппай қырылуы... Ол зобалаңды өктемсіген өзгенің қолдан ұйымдастыруы – сезінетін жүрек түгілі, айтуға ауыр тиетін қасірет! Осы қасіретті қазақ көрді – «тар жол, тайғақ кешулерде» «мың өлді, мың тірілді». Тіске басып, талғажау етер нәр таппай тентіреген тауқыметті тағдырды сол кезеңдегі бауырлар – баба буын бастан кешті, бүгінгі буын ұлт тарихының қаны сорғалаған парақтары деп еске алып, күйзеле күңіренеміз, бірақ, қасіретті жеріне жеткізе зерттеп, құрбандарды лайықты дәріптей алып жүргеніміз жоқ. Күні бүгінге дейін ашаршылық зұлматы саяси қуғын-сүргін зобалаңымен қосарлана айтылып, қабаттаса еске алынады. Тіпті көп жағдайда тасада қалатындай. Екі қасіретті жеке қарап, жеке бағалайтын кез келді. Тарихқа зер салсақ, екеуінің төркіні мен мүддесі бір болғанымен екеуі екі бөлек, бірінің құйрығын тістесе екіншісі ұйымдастырылып, бірін-бірі толықтырған, тіпті бірінен-бірі асып түсетін қазақ даласын қасапханаға айналдырған өте қатыгез оқиғалар.
Өкініштісі, небір зобалаңды тартудай-ақ тартқан Маңғыстауда тарихи оқиғаларға, кешегі бабалар бастан кешкен зұлматтарға салғырт қарау бар. Сөзбен жылтырата сөйлегенмен, бірлі-жарым тұлғаға ескерткіш қойғанмен олардың күтімі, тарихымызда орын алған ойрандардың халыққа, әсіресе, жастарға насихатталуы, зерттеліп-зерделенуі, кино түсіріп, аштық құрбандары туралы мәліметтерді түгендеу тұралап тұр. Бір кездері мұрағат деректерін халыққа жеткізген жергілікті өлкетанушылар Ә.Спан, Ж.Нұрмаханова, Қ.Қаражанов еңбектері – ашаршылық туралы ізденгендердің көңіліне медеу. Халық жаңартылған, толықтырылған нұсқаларға, құнарлы да толыққанды тың деректерге зәру.
Қазіргі таңда Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласында қуғын-сүргін құрбандарына, Маңғыстау ауданының Шайыр ауылында Екінші дүниежүзілік соғыс жауынгерлеріне және қуғын-сүргін құрбандарына, осы ауданның Ақшымырау ауылында аталған соғыс пен қуғын-сүргін құрбандарына, Жармыш ауылында соғыстан оралмаған боздақтар мен қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштер мен Шетпе ауылында мемлекет қайраткері Ж.Мыңбаевқа арналған ескерткіш бар. Ал Форт-Шевченко қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған кешен, Баутин ауылында Жалау Мыңбаев бюсті, Ақтау қаласында мемлекет қайраткері Жалау Мыңбайұлы мен Адай ревкомының 1918-1922 жылдардағы тұңғыш төрағасы Тобанияз Әлниязұлына ескерткіш орнатылған. Ашаршылық тек қана Қарақия ауданының Құрық ауылындағы ескерткіште еске алынған және ол да «Қуғын-сүргін құрбандарына және ашаршылыққа арналған ескерткіш».
Ақтауда күні бүгінге дейін таңдайына басып, жүрегін жалғар нәр таппай аштықтан баудай қырылған бауырға, тіпті саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған бірде-бір ескерткіш жоқ! Бір кездері 1-шағын ауданның орта тұсында теңіз жағасынан, әлде даладан әкелінген ешқандай әрлеу-әшекейі жоқ, күн кеміріп, жел мүжіген алып қоңырқай тас теңкиіп жататын. «Қаланың қақ ортасында пайда бола кеткен бұл неткен тас?» деп таңдана жақындап барған адам ғана тастың қапталына жапсырылған қара мрамордағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап қойылды» деген жазуды оқып мән-жайды түсінетін, түсінетін де жөн-жосықты білетін, ұлт тарихына бейжай қарай алмайтындары «апыр-ай, есіл боздақтардың, қыршындардың құрметіне осы қара тас қана лайық болғаны ма?» деп күрсінетін. Бүгінде ол тастың өзі бар да қара мраморы қолды болған...
Сондықтан Ақтауда саяси қуғын-сүргін құрбандарына және өз алдына жеке-дара ашаршылық құрбандарына арналған, оларды ұрпақ жадынан ұмыттырмайтын, өткен-кеткен жан рухына дұға бағыштап, ұлт тарихына тағзым етіп өтетін көрікті орын қажет.
Заманында ас-суға жарымай аштан өлген баба буын – миллиондаған қазақтың бүгінде ықылас-пейілге жарымауы түсініксіз – кеше тамаққа аш болғандардың бүгінгі ұрпағы рухқа, оң ниетке аш секілді сезіледі кейде. Өзгеге етер қайраны болмай қырылған жазығы жоқ көп қазақты бүгінгі азат ұрпақ қашан лайықты еске алып, жоғын жоқтап, рухын ризалар ізгі шаруаларды түгендер екен?! Рухты ризалау ескерткіш салумен шешілмейтіні анық, сондықтан ашаршылық құрбандарына жалпыхалықтық деңгейде ас беріліп, Құран бағышталып, Ұлттық аза тұту күніне ұласып, ірі еске алу кешендерін салып, ұрпақ санасына сіңіре түсу үшін өзге де тағылымды шаралар ауқымын арттыру керек секілді.
Маңғыстау облысы
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Бүгін, 19:35
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 18:20
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар