02 Қазан, 2013

Абылай тойы басталды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бескөл кентінде орналасқан «Құ­лагер» ипподромында Астана қала­сы, Ақмола және Солтүс­тік Қазақ­стан облыстары шабан­доз­дарының қатысуымен дүбірлі атжарыс өтті.

Бескөл кентінде орналасқан «Құ­лагер» ипподромында Астана қала­сы, Ақмола және Солтүс­тік Қазақ­стан облыстары шабан­доз­дарының қатысуымен дүбірлі атжарыс өтті.Абы­лай ханның 300 жылдығына арнал­ған салтанатты шараны аймақ басшы­сы Самат Ескендіров ашып, қазақ хал­қының басын біріктіріп, іргелі елге айналдыра білген ұлы тұлғаның ел тарихындағы орнын ерекше атап өтті.

Одан кейін жұртшылық назарына дипломат қолбасшының ерлік өмірін үлгі ететін театрландырылған қойылым мен концерттік бағдарлама ұсынылды. Делебені қоздырған додалы бәйге құнан жарыспен басталып, бес шақырымдық қашықтықта 13 жастағы астаналық шабандоз Берік Айтбаевтың жүйрігі сөре сызығын бірінші қиды. Жорға жарыста ақмолалықтардың мерейі үстем болды. 15 шақырымдық аламан бәйгеде Беріктің Лама есімді сәйгүлігі оқтай ағып өте шықты.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы