Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Төралқасы Евразиялық экономикалық одақтың соңғы отырысының мазмұнымен мұқият таныса келе, ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың конструктивті пікірлерін есепке ала отыра келесідей мәлімдеме жасады.
Құрметті қазақстандықтар!
1994 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де тарихи мазмұнға ие дәріс оқыды. Онда посткеңестік республикалардағы күрделі әлеуметтік-экономикалық ахуалдан бірлесіп шығудың жолын ұсынды. Болашақта экономикалық бағыттағы одақ болатын бірлестіктің негізгі қызметі, ең алдымен, экономикалық міндеттерді шешуге басымдық беру; тағдыршешті мәселелерді ұлттық референдумдар негізінде шешу; жаңа экономикалық одаққа кіруді жоспарлаған мемлекеттер қарым-қатынасындағы теңдік, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, территориялық тұтастықты сақтау және мемлекеттік шекараларды бұзбау принциптеріне негізделіп құрылды.
2015 жылдың 1 қаңтарында Евразиялық экономикалық одақты құру, шын мәнінде, тарихи және мәдени-өркениеттік маңызға ие болды. Бұл – тәуелсіз елдердің ерікті экономикалық қауымдастығы. Одаққа енген бес ел арасында тауар, қызмет, капиталдың және адам ресурстарының еркін қозғалысы басталды. Көптеген кедендік тосқауылдар мен бюрократиялық кедергілер алынып тасталды. 170 миллион халқы бар ірі нарыққа ие болдық. Ұлттық кәсіпорындар сапалы, арзан, сұранысқа ие тауарлар өндіріп, бәсекеге қабілеттілік жолына шықты. Шекара бекеттеріндегі ұзақ кептеліс азайды. Көршілес аймақтың саудасы өсті. Экономикалық одаққа кіретін әр мемлекет өзара тиімді сауданы, әсіресе шекара аймағында жүзеге асырады.
Бірақ соңғы жылдары қазіргі саясаткерлер арасында осындай экономикалық бірлестіктің негізгі принциптерін бұзу әрекеттері жиілей бастады. Әлемнің кейбір жоғарғы шенді мемлекет қайраткерлері одақты саяси бірлестікке айналдыру әрекеттерін іске асыруда. Оның дәлелі –ұлттықтан жоғары парламент құру, одаққа ортақ ақша енгізу, ортақ шекаралық әскер ұстау, ортақ бюджет енгізу туралы ұсыныстар. Бұл, сөз жоқ, ел егемендігін жоғалтуға апарады. Бұған ешқашан жол берілмеуі тиіс.
Биыл қазақ мемлекеттілігіне 555 жыл толады. 1465 жылы Керей мен Жәнібек Алтын Ордадан (бұның 750 жылдығы) бөлініп шығып, тәуелсіз Қазақ хандығын құрды. Бұл мерейтойлық датаны салтанатты түрде атап өтуіміз керек.
Экономикалық одақтың көптеген жобалары қағаз жүзінде қалды және өте байсалды сараптамалық жұмыстар мен Еуразиялық экономикалық комиссиясындағы елдер өкілдерінің тарапынан ұйымдастырушылық үйлестіруді талап етеді.
Сонымен қатар, Ресейдің кейбір қоғам қайраткерлері 1991 жылға дейін қазақтарда мемлекеттілік болмаған деген арандатушылық пікірлерді де жиі қайталауда. Оларға Еуразия құрлығындағы көптеген халықты басқарған ежелгі түрік қағанатын-мемлекеттерін айтпағанда, алғашқы қазақ мемлекеті 1465 жылы пайда болғанын еске салғым келеді. Орталығы Алматы болатын «Ортаазиялық федералды аймақ» құру қажет деген Қазақстан Тәуелсіздігіне қарсы үндеу жасалды. Еліміздің солтүстік және солтүстік-шығыс облыстары басқа елдің тарихи жерлері болған деген жалған пікірлер жиі айтылады. Осы аталған және басқа да арандатушылық әрекеттер егеменді Қазақстан азаматтарын, бізді – ғалымдарды алаңдатады. Қазақстан халқы өзінің заңдастырылған территориясында бейбіт өмір сүруде, біздің шекарамыз барлық көршілес мемлекеттермен делимитациялық келісім-шарттармен бекітілген және олармен достық қарым-қатынас орнатылған. Біз тәуелсіз Қазақстан шаңырағы болашақ ұрпақтарға берілетініне кәміл сенеміз. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы осыған шақырады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жоғарғы Евразиялық экономикалық кеңестің бейнеконференция форматында өткен кезекті отырысында сөйлеген сөзін осы мағынада қарастырамыз және қабылдаймыз. Бұл жиында мемлекет басшысы сөзінінің өзекті мәні «2025 жылға дейінгі Евразиялық экономикалық интеграцияның даму стратегиясын» Қазақстанның қабылдамауына қатысты болды.
Экономикалық интеграция жетістігі ұлттық егемендігіміздің идеясы мен тең ынтымақтастық мүмкіндігіне күмән келтіретін жекелеген саясаткерлердің сенімімен емес, нақты интеграциялық прагматикалық жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде мемлекет халқының өмір сүру деңгейін жақсарту арқылы өлшенеді.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Төралқасы, Евразиялық экономикалық одақтың соңғы отырысының мазмұнымен мұқият таныса келе, ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың конструктивті пікірлерін есепке ала отыра, тәуелсіздікті ең қымбат құндылық ретінде бағалай келе, батыл түрде жария етеміз:
Біріншіден, Евразиялық экономикалық комиссияның құзіретіне денсаулық сақтау, білім беру және ғылым салаларын кіргізу одақтың экономикалық бағытын өзгертеді әрі одақ шартының мәніне қайшы келеді деген президент пікірін толық қуаттаймыз.
Екіншіден, Евразиялық одақ елдерінің арасындағы екіжақты ынтамақтастық экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық қатынастар спекторын қамтиды. Оларды бесжақты форматта қарастырудың ешқандай қисыны жоқ деген президенттің алаңдаушылығы толық орынды.
Үшіншіден, Қ.К. Тоқаевтың, интеграциялық жұмыс ұлттық құқық жүйесінің ерекшеліктерін ескеруі міндетті, Евразиялық одақ шеңберінде заңдарды «үйлестіру және унификациялау» әрекеттерін ұлттық қоғамдық пікір қабылдамайды деуі толық шындық.
Төртіншіден, Евразиялық экономикалық комиссияны кадрмен жасақтау органды қаржыландыру көлеміне тәуелді болмауы керек. Мұнда әр елдің өкілдері тең дәрежеде қызмет етуге тиіс деген президенттің пікірі өте орынды.
Бесіншіден, біз мемлекет басшысының Евразиялық экономикалық комиссияның өкілеттілігін бұдан арықарай арттыра беруді тоқтату туралы ұсынысын қуаттаймыз. Президент Қ.К. Тоқаевтың жаңа құжатты мұқият өңдегенше, оны қабылдауды кейінге қалдыру туралы пікірінің дұрыс екендігіне сенімдіміз.
Ғылыми қоғамдастық өкілдері ретінде біз Мемлекет басшысының белгілі бір интеграцияланған экономикалық жобаларға қатысты ұлттық құқықтық нормаларды үйлестіру мен қиыстырудағы «ақылға қонымдылық» қағидатын сақтау ұстанымын қолдаймыз.
Қазақстандықтардың, соның ішінде ғалымдардың қоғамдық пікірі Евразиялық одақтың өкілеттік сферасын кеңейтудің қандай да болмасын әрекеттеріне қарсы. Экономикалық бірлестікті саяси бағытқа бұру әрекеттерінің ашық жүзеге асуы Қазақстан тәуелсіздігіне қауіпті, Кеңестер Одағын жаңғыртуды көздеу болып саналады. ЕурАзЭҚ кез-келген мемлекеттің баянды және басты құндылығы болып саналатын тәуелсіздігін шектемей, Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартуға үлес қосуы қажет. Керісінше жағдай орын алса, Қазақстан кез келген одақтан шығуы тиіс.
Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұсынылып отырған құжаттың негізгі ерекшелігі стратегиялық серіктестіктің абстрактілі көрінісі мен жекелеген мәселелерді саясаттандыруға емес, қатысушы елдердің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған экономикалық ынтымақтастық пен мемлекеттер дамуының нақты бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға бағыттау керек деген пікірін қолдаймыз.
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Партия қоғамдық кеңестерінің қызметі жүйелі түрде қайта құрылымдалады – Бауыржан Байбек
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар