Әлем • 01 Маусым, 2020

Гонконгтің тағдыры қыл үстінде

1005 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қытайдың Гонконгқа қатысты шығарған жаңа заңы халықаралық қоғамдастықты, әсіресе Ұлыбританияны алаңдатып отыр. Бейжің билігінің жаңа жоспары өңір тұрғындарына да ұнаған жоқ.

Гонконгтің тағдыры қыл үстінде

Ағылшындардың алыстағы автономиялық аймаққа алаңдауы­ның өз себебі бар. Сонау 1860 жылы Қытай «Екінші апиын соғы­сында» тізе бүккен соң, өзіне қарас­ты жердің біраз бөлігін жеңіске жет­кен елдерге таратып берді. Со­ғыс­тан кейін қол қойылған Қытай конвенциясының аясында 1898 жылы Гонконг 99 жылға Бри­та­ния империясына жалға берілді. Кейін 1997 жылы жалға беру мер­зімі аяқталып, аймақ Қытай­дың қарамағына қайтарылған болатын.

Әйтсе де, екіжақты келісімге сай Гонконгқа бірқатар артықшы­лық, яғни «Бір мемлекет, екі жүйе» жо­басы аясында аталған аймаққа авто­номиялық мәртебе берілді. Со­нымен қатар 50 жыл бойына өңір­дің капиталистік басқару жүйесі өзгермеуі тиіс.

Қытайдың заңы бірнеше салада, атап айтқанда сыртқы саясат пен қорғаныс саласында ғана жүреді демесеңіз, Гонконгтың жеке заң жүйесі, парламенті және атқарушы билігі бар. Бір ғасырға жуық Ұлы­британияның қарамағында болған­дықтан әрі Қытайдың жағымсыз имиджі нәтижесінде аймақтың тұрғындары да, билігі де қазіргі жағдайын сақтап қалуға тырысады. Гонконгта Қытайға қарсы нара­зылық акциялары жиі өтеді. Сон­дық­тан Гонконг парламентіне заң шығарту арқылы Қытайға өзінің жос­па­рын жүзеге асыру қиын. Мұны жақсы түсінетін Бейжің билі­гі басқа жолды таңдады. Гон­конг заңы­ның 18-бабы Қытай би­лігі ай­маққа жалпыұлттық заң шыға­ру­ға мүмкіндік береді.

Заңның осы әлсіз тұсын ұтымды пайдалануға тырысқан Бейжің Гон­конгтың құқықтық жүйесін жетіл­діру туралы шешім қабылдап, оны заңға айналдыру үшін тиісті мекемеге жіберді. Қысқаша айтқанда, Қытай автономиялық аймақтың мәр­тебесін түбегейлі өзгертетін заң­ды қабылдауға бір қадам қалды.

Заң жобасы қабылданғаннан кейін толық күшіне енуі үшін Гонконг басшысы оған қол қою керек. Қазіргі таңда шаһарды Қытайға жылы қабақ танытатын Кэори Лам бас­қарып отырғанын ескерсек, атал­ған құжат қабылданады десек, қате­лес­пейміз. Тіпті заң жобасы ал­дағы шілдеде күшіне енуі мүмкін деген де әңгіме айтылып жатыр.

Бейжің билігінің мұндай қадам­ға баруы халықаралық қоғам­дас­тыққа ұнаған жоқ. Әсіресе ағыл­шындар Гонконгқа қатты алаң­даулы. Осыған байланысты Ұлы­британия тарапы аймақ тұрғын­дары­на бірқатар жеңілдік жасауды жос­парлап отыр. Мәселен, арнайы пас­порты бар азаматтардың Тұма­нды Альбиондағы құқығы кеңейтілмек.

Гонконгтың 1997 жылы Қытайға қайтарылғанын жоғарыда айттық. Осы датаға дейін дүние есігін аш­қандар «Британияның шетелдік паспортын» алуға құқылы. BNO деп аталатын бұл құжат негізінен шетелге шығу үшін қажет. Оның иегерлері Ұлыбританияның азаматы саналмайды, ағылшындарға жасалатын жеңілдіктер мен артық­шылық берілмейді. Қазіргі таңда Гонконгта BNO паспорты бар 300 мыңға жуық адам бар екен. Оның иелері Тұманды Альбионға визасыз режім арқылы 6 айға қала алады. Бұдан бөлек, 3 миллионға жуық тұрғын осы құжатты алуға құқылы.

Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Доминик Раабтың айт­уынша, Қытай заңды ресми түрде қабылдаса, BNO иелерінің Тұманды Альбионда тұру мүмкіндігі ұзар­тыл­мақ. Олар бір жылға дейін ағыл­шындар елінде жұмыс істеп, оқуын жалғастыра алмақ. Ал бұл мерзім – Ұлыбритания азаматтығын алуға жеткілікті.

Ағылшындардың ұсынысы тиім­ді көрінгенімен, талқыланбаған бір­неше түйткіл бар. Мәселен, BNO иелері Ұлыбританияға жұ­мыс істеуге келгенімен, оларға қандай да бір қосымша жеңілдік жаса­ла ма? Әлде, олар жұмысқа тұр­ған­да шетелдік ретінде тіркеле ме? Сон­дай-ақ Қытайға қарсы не­гіз­гі толқын – жастар. Яғни олар­­дың BNO паспортын алуға мүм­­кін­дігі жоқ. Мұндай жағдайда ағыл­шын­дардың жоспары Гон­конг­тың жағ­дайын қалай реттемек? Бұл жағы да түсініксіз.

Ағылшындардың ұсынысы Қытайға ұнаған жоқ. Бейжің билі­гі Ұлыбританияның бастамасы Гон­­­конгты беру жөніндегі келі­сім­­нің талаптарын бұзады деп мәлім­­деді. Со­нымен қатар Гон­конг­­тың мәселесіне бас қатырмауға шақырды.

Қытайдың жаңа заң жобасын АҚШ тарапы да қатты сынға алды. Құрама Штаттары ақырғы шешімді күтпей-ақ Гонконгпен арадағы келіссөздерді, әсіресе экспорт, тауар айналымы, тұтқындарды беру туралы мәселелерді қайта қарауға кірісіп кетті. Осыған байланысты мәлімдеме жасаған Ақ үй басшысы Дональд Трамп Бейжің Гонконг жөніндегі келіссөздерді өрескел бұзып, «Бір ел, екі жүйе» формуласын бұзып, оны «Бір ел,  бір жүйе» форматына өзгертуге талпынып жатыр деп айыптады.

Д.Трамптың сөзіне сүйенсек, Қытай ұлттық қауіпсіздікті қалқан етіп, Гонконгтың азаттығын тартып алмақ. Осыған байланысты Ақ үй Қытай мен Гонконгтың лауазымды бірнеше тұлғасына қатысты санкция салуды жоспарлап отыр.