Руханият • 02 Маусым, 2020

Әр ауыл­дың өз «Гроз­ныйы» болған

294 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Біз үлкенге ұйыған ұлттың ұрпағымыз. Сол үлкеннің тобылғы сап­ты қамшының мінсіз өріміндей сөзі сот үкіміндей, мірдің оғын­дай, сексеуілдің шоғындай болған бір замандары. Ондай сөз айладан емес, даладай дархан ақылдан шығатыны да белгілі. Ақыл­дан шыққан сөзде ақау да, кемдік те болмайды, тек кеңдік, таза табиғаттай тамылжыған кемелдік қана салтанат құрып тұ­рады.

Әр ауыл­дың өз «Гроз­ныйы» болған

Иә, бабалардан қалған бай­лық­тың бірі – қарттар үлгісі. Жаңа заман, жаңа заң, ұрпақ өзгер­ді, жас жаңарды деп қарт­та­рын қадірлемеген ұлт рухын өшіріп алады. Мұндай тірлік ұяласын қорғамайтын, «Бөрі құ­тырса бірін-бірі талайды», – деп ұрпақтарды жетесіздікке жете­леуі мүмкін. Дала заңының кепілі сол қариялар болған. Оған арғы-бергі тарихқа көз жүгіртсең, тайға басқан таңбадай алдыңнан шығады. Отбасының иесі секілді, оларда елінің иесі бола білген.

Ғасырлар желісіне қарасаң ұлты­­мыздың болат тұғыры са­нал­­ған қазыналы қариялар «Құ­нанбай – ол қазақтың Иван Грозныйы»,  деп халық батыры, ұлы Бәукең – Момышұлы айт­пақшы, әр ауыл­дың өз «Гроз­ныйы» сөз ұстап от­ырған. Ол билігін бұра тарпай әділ, ақ, адал жүргізген. Телі мен тентек асып-тасып кетсе «грозныйлардың» қаһарына ілі­ніп, жан сауғалауға мәжбүр бол­ған.

Осы күні бар кінәні заманға теліп, қариялық қалыпты ысырып бара жатқандаймыз. Бұрынғы ел үлкендері берекені бұзбайық, ынтымақты күйретпейік, көңіл күйдің екпінімен, жалған на­мыс­­тың жетегінде кетіп, құр сөздің сойылына жабыспай, адам­дық­тың алдында тең тұрайық, осыған бет бұрайық десе, қазіргі кейбір ал­дыңғы толқын жастар тіл ал­майды, тілекті орындамайды, өздері білермен дейді. Қай за­манда да ұрпақтар арасында бір-біріне осындай көңіл толмаушылық болған. Кейінгі толқынның да өз айтары жоқ емес, бар. Мұны ақыл таразысында ойластырмасақ, ұлтқа сор боп жабысуы мүмкін. Яғни, ата жолын қысқартпай, ана өнегесін «өлтіріп» алмай жалғасақ, бір кездері шақшадай бас шарадай бола қоймайды.

Ендеше, әлемдік үрдіске сай өмір сүре отырып, «Қазақ халқы – азбаған халық, оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайды... Заман осылай болған соң, амалын тауып, мүмкіндігі болған жерде, қазақ халқының елдігін бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан жауыздыққа қарсы кү­ре­­се беру керек. Суға батып бара жат­қан кісіні көре тұрып, қол­ұшын бермеу арамдық болар еді», деген Ы.Алтынсарин сөзін естен шығармай, ұрпақтар сабақтастығын сақтасақ, аталар­дың сара жолы жалғасады. Сонда ғана дала заңымен өмір сүрген бабалар рухын түлетіп, бар қалыбын жоғалтып алмай жақсы жағынан жалғастырамыз. Яғни олардың өнегесімен мақтана отырып, ұрпақтар бойындағы сақталған сарқытын үзбей, ойлана білу мұхитына айландырсақ, ұтылмаймыз, ханталапай заманда жұтылмаймыз. Бұл қазақты жоғалтпаудың жолы ғана емес, алтын арқауды үзбеудің де тәсілі. Осы жаһандану үрдісінде қазақ болмысын бүлдірмей сақтайтын қағиданың мықты алтын қазығы екенін әр қайсымыз естен шы­ғар­­масақ екен. Осындай ұлт ісінде: «Ал енді, құдай басыма не салса да, мен күшімнің жет­кенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген оймен, талабымнан ешуақытта да қайтпаймын» (Ы.Алтынсарин) десе жастар, үлкендер жағы Б.Момышұлы қағида етіп кеткен ауыл тұтқасы ақсақал, ұлттық рухы, ізгі қасиеттері мол абыз ел бір­лігінің ұйытқысы болса, «Бұл жал­пыадамзаттық әрі дала демократиясынан бастау алатын, ата-бабамыздан дарыған, ежелден қанымызға сіңген құндылық болатын. Оны жоғалтып алу адамзат үшін де, ұлт үшін де өзін өзі жоғалтып алумен бірдей» (Қасым-Жомарт Тоқаев) болары шүбәсіз шындық.

 

НҰР-СҰЛТАН