Білім • 03 Маусым, 2020

Жазғы мектептер қашан ашылады?

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл сұраққа Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова «Бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау» тақырыбында өткізілген отырыста жауап берді. 

Жазғы мектептер қашан ашылады?

Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған онлайн брифингте жазғы мектептердің 17 тамыздан бастап жұмыс істейтіні айтылды.  Оған ата-аналардың қалауы бойынша мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар бара алады. 

Айта кетейік, біз бұған дейін 1-сыныпқа құжат тапсырудың 3 жолы бар екенін жазғанбыз