Білім • 04 Маусым, 2020

Оқулықтарды тек тәуелсіз сарапшылар талдайды

608 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн режімде өткен халық алдындағы есептік кездесуінде мәлімдеді.

Оқулықтарды тек тәуелсіз сарапшылар талдайды

«Қазіргі таңда оқулықтардың сапасына көп көңіл бөлінеді. Бұл - өзекті мәселе Осыған орай биылдан бастап оқулықтардың сапасына қойылатын талаптарды күшейту туралы БҒМ-нің бұйрығы шықты. Оқулықтарды сараптау жұмыстарымен тек тәуелсіз мамандар айналысады. Оқулық авторлары мен баспалардың оқулықтарды әзірлеудегі жауапкершілігі артты. Енді сатып алынған оқулықтарда қателер анықталған жағдайда, баспалар барлық шығынды өздері өтейді. Авторлар мен сарапшыларды оқыту жұмысы қолға алынады. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға оқулықтармен қамтамасыз ету жөнінде қойылатын талаптарды күшейтеміз, 100% қамтамасыз ету біз үшін қалыпты жағдайға айналуы тиіс», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше