Қазақстан • 04 Маусым, 2020

Елбасы «Самұрық Қазына» қорының жұмысын жоғары бағалады

151 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысында баяндамашылар сөзін тыңдағаннан кейін Елбасы Н.Назарбаев Қор компанияларының тиімділігін әрі қарай арттыру үшін нақты шаралар қабылдаудың маңыздын атап өтті.

Елбасы «Самұрық Қазына» қорының жұмысын жоғары бағалады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қор компанияларын жекешелендіру мәселелеріне, сатып алулар және отандық тауарөндірушілерді қолдауда жергілікті үлесті арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды. «Самұрық Қазына» қорын дүниедегі ең үздік тәжірибеге сүйеніп отырып жасалды. Негізгі мақсат – ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ұлттық компаниялар активтерінің бағасын көтеру. Қор өзінің миссиясын орындап келеді, әсіресе кейінгі жылдары. Қиын кезеңдерде экономикамыздың нақты қолдаушысы болып, зор үлес қосты. Менің тапсырмам бойынша «Самұрық Қазына» қоры құрылғанда оған еліміздегі ең ірі активтер енді. Бұл қадам олардың құнын қымбаттатып, кірісті арттырып, осы компаниялардағы өнім шығару көлемін көбейтті. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, Қор бүкіл өнеркәсіптік және қаржылық бағыт бойынша оң нәтижеге қол жеткізді. Былтырғы табыс көлемі 1,2 триллион теңгені құраса, бюджетке төлем 1,1 триллион теңге. Жалпы, 2018-2019 жылдары Қор мемлекеттік бюджеттің кірісін салықтық төлем ретінде 2,2 триллион теңгеге арттырды. Міндеттерді төлеу бойынша ұлттық қордан 460 миллиард теңге аударылды. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Мұнай бағасының арзандауы, жолаушылар және жүк тасымалының азаюы, электр энергиясын жеткізудің төмендеуі қор компанияларының өндірістік және қаржылық көрсеткіштеріне кері әсер етті.

«Самұрық Қазына» басшылығы көтерген операциялық және әкімшілік шығындарды жетілдіру жөніндегі бастамаларды қолдаймын. Мұның қаншалықты дұрыс және тиімді екенін өздеріңіз көрдіңіздер. Оның үстіне, бұл еліміздегі IT индустриясын жетілдіруге мүмкіндік береді. Карантиндік шектеулер алынғаннан кейін де қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруға қатысты қанатқақты жобаны жүзеге асыруға кірісіп кетті. Бұл офиске, транспорттық, техникалық персоналға төленетін және басқа да шығынды азайтуға көмектеседі», деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы қабылданған шараларға байланысты «Самұрық Қазына» қоры өндірістік бағыттағы қызметкерлерді жаппай қысқартуға жол бермегеніне тоқталды. Мұндай қадамның өте маңызды екенін айтқан Н.Назарбаев дағдарысқа алғаш рет тап келіп отырмағанымызды ескертті. «Бұған дейін 1998 жылғы дағдарысты да, 2008-2009 жылдардағы әлемдік дағдарысты да еңсердік. Мен бүкіл компаниялардан жұмыс орнын сақтап қалуды сұрадым. Тіпті, оларға ақша төлемесек те, жұмыс орның сақталады деп айтсаң, бұл оған сенім ұялатады. Ол қайта оралып, компанияда жұмысын жалғастыратынын біледі. Бұл мысалдар басқаларға да үлгі болуы тиіс. Осы тәсілді бүкіл жерде қолдану керек. Кейінгі екі жыл көлемінде Қор 8 миллиард теңгенің сыртқы қарызын мерзімінен бұрын төледі. Бұл қадам валюта курсының өзгеруіне байланысты жоғалуы мүмкін 1 триллион теңгені үнемдеуге көмектесті. Жоғарыда айтылған шаралар Үкіметке 120 миллиард теңге көлемінде дивидент төлеуге мүмкіндік берді. Бұл 2017 жылға қарағанда 10 есеге көп.

«ҚазМұнайГаз»-ды қайта құрып, «ҚазТрансГаз» бен «ҚазТрансОйл»-ды «Самұрық Қазынаның» еншілес компаниялары ретінде бөлу жөніндегі ұсынысты қолдаймын. Бұл «ҚазМұнайГаз»-дың басты жұмысы – мұнайды барлау, қазу және қайта өңдеуге басымдық қоюға мүмкіндік береді. Ал жеткізумен айналысатын компаниялар транспорттық маршрутты әртараптандыруға жағдай жасайды. Қордың басшылығына осы мәселені тез арада қарап, шешім қабылдауға тапсырма беремін», деді Елбасы.