Қазақстан • 04 Маусым, 2020

Н.Назарбаев Қор компанияларын жекешелендіру бойынша бірқатар тапсырма берді

186 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысында Н.Назарбаев Қор компанияларын жекешелендіру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Н.Назарбаев Қор компанияларын жекешелендіру бойынша бірқатар тапсырма берді

«Біз «ҚазАтомөндіріс»-тіңң акцияларын жекешелендіру жұмысын 25 пайызға орындадық. Сондықтан инвесторлардың сеніміне ие болдық. «Қазпочта» қызметінің ерекшелігіне байланысты компания стратегиялық инвесторға тікелей атаулы сату арқылы берген жөн. Мұны Үкіметпен бірге анықтап, бұл мәселеге байыппен қарау керек. «Самұрық-Энергоны» жекешелендіру бойынша айтар болсақ, мұны мемлекетке тиімді болатын жағдайда қарастырып, бұл мәселені шешу керек. «Қазақтелеком»-ды жекешелендіру бойынша оның 10 пайызын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына» сатуды қолдаймын. Бұл – азаматтарымыздың компания акционері болуына, ал Қордың басты акционері ретінде қала беруіне мүмкіндік береді. Ал қалған компаниялар бойынша әлемдегі жағдайды ескеріп, оларды қайта қарап, жекешелендіру бойынша жоспарды, стратегиялық активтерді Қорға қолайлы кезеңге дейін кейінге шегеру қажет. Осыған байланысты Қорға Үкіметпен бірге жекешелендірудің кешенді жоспарын, «Самұрық-Қазынаны» әртараптандыру жөніндегі бағдарламаны қайта қарауды тапсырамын.

Мен Қордың сатып алуларды жергілікті қамтамасыз ету мен отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі жұмысын қолдаймын. Әсіресе, қазіргі дағдарыс кезінде ол маңызды. Бұл – өте тиімді жұмыс. Келісімшарттың Off-take құралы отандық өндірушілердің кепілді тапсырысы секілді. Мемлекеттік құрылымдағы өзге де холдингтерде барынша қолданылуы тиіс. Бұл шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудағы тиімді әдіс. Қазіргі таңда жаңа тауарларды ұйымдастыру бойынша бірқатар осындай келісімшарт жасалған. Осының әсерінен екі мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл қадам қазақстандық өндірістің қарапайым заттар экономикасы бойынша үлесін 2019 жылы 70 пайызға, биыл 94 пайызға арттырды», деді Тұңғыш Президент.

Елбасы осдан кейін табысты әртараптандыру, оның ішінде валюталық кірісті арттыру, ұлттық әл-ауқатты көбейту және жинау бойынша берген тапсырмасына сәйкес, келешек буынға арналған «Болашақ» қоры құрылғанына екпін берді. «Бұған алғашқы 100 миллион теңге салынды. 2019 жылы қаржылық портфель бойынша кіріс 11 пайызды құраса, қазір активтер 180 миллион теңгені құрады. Сондықтан қорға есептелген бағыт бойынша жұмысын жалғастырып, қажет жағдайда агрессивті инвестициялық әрекет қабылдап, пайда мен тәуекелді есептеп әрекет ету керек. «Самұрық Қазына» қорын құрудағы мақсат – ел байлығын еселеп, жоғары технология мен тиімді компания қалыптастыру еді. Мен сіздердің Үкіметпен бірге қоян-қолтық жұмыс істеп, қажетті шешімдер қабылдап жатқандарыңызды көріп отырмын. Бұл жұмысты ары қарай жалғастыру керек.

Мемлекеттік қызмет жүйесі де осы тәсілдерді қолдануы керек. Біз жүйелі жұмыстың жемісін көріп отырмыз. Кәсіпорындар күрделі ахуалға қарамастан, жұмысын жалғастырып жатыр. Қызметкерлер қысқарған жоқ. Жалақы уақытылы төленіп жатыр. Қазіргі уақытта ең маңызды мәселелер осы», деді Елбасы.

Кеңес қорытындысы бойынша Елбасы «Самұрық-Қазына» басшылығының дағдарысқа қарсы қабылдаған шараларының нәтижесін атап өтіп, бұл тәжірибені басқа да құрылымдарда қолданудың маңыздылығына тоқталды. «Қор басшылығы дер кезінде қабылдаған шараларды қолдаймын және оң бағалаймын. Олар өз тиімділігін көрсетті. Дағдарыс кезінде мемлекет экономиканы қолдау үшін Ұлттық қордан қыруар қаржы бөлді. Алайда осы жағдайда «Самұрық-Қазына», керісінше, Ұлттық қорға 100 млрд теңге бағыттады», деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше